Page 9 - 5.5.3
P. 9

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


           мүмкіндіктерін, арнайы педагогикалық көмек тәсілдерін біле
           отырып, оқушылардың оқу-танымдық қызметін ұйымдасты-
           рады әрі осы үдеріске басшылық етеді.
             Оқушылардың бақылау және практикалық қызмет бары-
           сында жинаған білімдері мен түсініктері сөйлеу барысында:
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           сөйленістерде, әңгімелерде, сипаттамаларда, баяндау кезін-
           де және т.б. жинақталады. Байланысқан сөйлеу дағдысын
           қалыптастырып, мәдени қарым-қатынас дағдыларын тәр-
           биелеуге ерекше мән беріледі.
             Қоршаған шынайы ортаның заттарымен, құбылыстарымен
           таныстыруға бағытталған сабақтар балалардың бақылау,
           көргенін талдау, яғни көргендері қатарынан типтік түрдегі
           құбылысты немесе затты ерекшелеу қабілетін дамытады.
           Түсініктер жинақталады, детальдарға жіктеледі және олар-
           дың араларындағы байланыстар анықталады. Қоршаған шы-
           найы орта құбылыстары мен заттары туралы түсініктер-
           дің  нақтыланып,  кеңеюіне  байланысты  оқушылардың
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           сөздік қоры молаяды: қажетті терминдер енгізіледі, түр-
           лік және жыныстық ұғымдар арасындағы айырмашылықтар
           көрсетіледі,  әңгімені  ұйымдастыру  барысында  ол  актив
           қабатқа өтіп, меңгерілген сөздер сөйленіске қосылады. Пән-
           дік көрнекілік енді оқыған заттың немесе құбылыстың сөздік
           бейнесін жаңғырту үшін кеңінен пайдаланылады.
             «Айналадағы әлем» сабақтарында ақпараттық-комму-
           никативтік технологиялар (әрі қарай АКТ) белсенді пай-
           даланылады, ол арнайы білім беру педагогінің арсеналын
           кеңейтеді.  Сабақта  АКТ-ны  келесі  мақсаттарда  қолдану
           ұсынылады:
             1) оқу үдерісін жекелендіру;
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             2)  тікелей  бақылауға  келмейтін,  жасырын  әрі  күрделі
                таным нысандарын модельдеу;
             3) шынайы және кейінге шегерілген уақыт режиміндегі
                балалардың өз қызметтерін талдау үшін қосымша ви-
                зуалды динамикалық тіректер құру; топтық білім беру


                                                                           7
   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14