Page 5 - Әдістемелік нұсқау 6 сынып Қазақ тілі ЯЗ1
P. 5
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта білім беру саласының бағытының бірі
болып табылатын арнайы білім беру ұйымдарынан зерде
бұзылыстары бар оқушыларды тәуелсіз өмірге, еңбекке
дайындауды ерекше талап етеді.
Арнайы мектепте жүретін негізгі пәндердің бірі – «Қазақ
тілі» пәнін оқып үйрену барысында ақыл-ой кемістігі бар
балалардың сөйлеу дағдылары ұштала түседі, олар өз ой-
ларын ауызекі және жазба тілде бейнелеп, өзгелердің сөзін
толық түсінуді үйренеді. Қазақ тілі пәнінде әдеби туынды-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
лар, жеке-жеке бөліктер арқылы түсіндірілетін тіл теориясы
интегративті ұштастырыла меңгертіледі.
Осы пәнді оқытуда жаңа талаптарға сай, жаңаша оқы-
тудың салмағын арттыру – тіліміз бен фольклорлық ма-
териалдар, көркем шығармалар арқылы ақыл-ой кемістігі
бар оқушының бойына даритын әдет-ғұрыптарымызды
жаһандану алапатынан сақтаудың ең бір негізгі амалы.
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды ұлттық салт-санаға,
туған тіліне үйретуде, ұлттық әдет-ғұрыпқа тәрбиелеуде
«Қазақ тілі» пәнінің орны ерекше.
«Қазақ тілі» білім мазмұнын арнайы мектепте тиімді
оқытып, оның басты мақсатын жүзеге асыру оқытуды оқу-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
әдістемелік жағынан қамтамасыз етумен тығыз байланысты.
Осыған орай, қазақ тілі пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
әзірленеді.
Осы оқу-әдістемелік кешен жеңіл ақыл-ой кемістігі бар
оқушыларға арналған білім беру деңгейінің 6-сыныптары
үшін «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік
оқу бағдарлама негізінде әзірленген.
Ал «Қазақ тілі» пәнінің мақсаты – оқушылардың тілдік
базасын кеңейту, сөйлеу тілінің дамуындағы кемістіктердің
орнын толтыру; грамматикалық және орфографиялық
материалдарды практикалық түрде меңгеру; сөйлеу тілін
қарым-қатынас құралы ретінде, танымдық әрекетті түзету
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
3