Page 8 - Әдістемелік нұсқау 6 сынып Қазақ тілі ЯЗ1
P. 8
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
күрделілік пен көлемін ескере отырып оқу материалының
мазмұнын таңдап алады; оқу жұмысының қарқыны, оқу-
шы лардың дербестігі, оқыту тәсілдері мен әдістері түрлен-
діріледі. Сол себепті, аталмыш оқушылардың өзіне тән
қабілеттері мен мүмкіндіктеріне қарай мұғалімдер оқу
материалдарын оларың қабылдау деңгейіне байланысты
жеңілдетіп беруге мұқтаж болады.
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың оқу мате-
риалын меңгеру нәтижелерін бағалау нормалары Типтік
бағдарламада көрсетілген мақсатты тұжырымға негізделген.
Оқу бағдарламаны меңгерілу нәтижелерін ішкі бағалау
special.edu.kz. special.edu.kz.
білім беру барысында тікелей мұғаліммен сабақ үстінде
жүргізіледі. Ол ағымды (сабақ сайын), мерзімді (тақырыптық)
және қорытынды бақылау түрінде.
Қорытынды бақылау жартыжылдықта және жылдың
соңында жүргізіледі. Мұғалім әрбір оқушының даму динами-
касы мен табыстылығын талдайды. Мониторинг нәтижелері
оқушылардың жетістіктерінің жиынтық картасында тіркеледі.
Ал нақты оқу мақсаттары бойынша күтілетін нәтиже жөнінде
практикалық нұсқаулар қосымшада көрсетілген.
2. ОҚУЛЫҚ ПЕН ЖҰМЫС ДӘПТЕРІН ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ
ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
special.edu.kz. special.edu.kz.
Арнайы мектепте (сыныпта) зерде даму бұзылысы бар
оқушыларға қазақ тілін оқыту кезінде, арнайы тәсілдемеден
өзгеше ерекшеліктерді ескеру тиіс. Нақты, біріншіден, зер-
де даму бұзылысы бар оқушыларға арналған Үлгілік оқу
жоспарындағы бөлімдер мен оқу пәндерінің тізімі, соны-
мен қатар оқу бағдарламалардың мазмұны мен оқулықтар
ҚР МЖМС 1.4.002–2012 талаптарына бағытталмаған.
Екіншіден, зерде даму бұзылысы бар балаларды оқыту осы
санаттағы оқушылар үшін әзірленген арнайы бағдарламалар,
оқулықтар және ОӘК бойынша іске асырылады.
special.edu.kz. special.edu.kz.
6