Page 10 - Әдістемелік нұсқау 6 сынып Қазақ тілі ЯЗ1
P. 10
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
Зерде даму бұзылысы бар оқушылардың қазақ тілін
оқу кезінде жұмыс дәптерін қолдануы олардың білім са-
пасын жақсартады және жекешелеу есебінен барлық оқу
үдерісінің тиімділігін арттырады, мұғалімге оқытудың арнайы
әдістемесін іске асыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жұмыс дәптерін пайдаланудың өзектілігі
оқушылардың дәптермен жұмыс істеу кезіндегі таным
үдерістерін дамыту және сөйлеу тіліндегі кемшіліктерін
түзетуге мүмкіндік береді. Жұмыс дәптерінің арқасында оқу
материалы оңай қабылданады, өйткені ол көрнекі түрде
ұсынылған. Бұл жұмыс дәптердің практикалық маңыздылы-
special.edu.kz. special.edu.kz.
ғы – зерде даму бұзылысы бар оқушылардың қиын, бірақ өте
маңызды пәнді меңгеруін жеңілдету. Мұғалімге әдістемелік
көмек ретінде оқулықпен жұмыс дәптеріндегі 6-сыныпта
оқытылатын ортақ оқу мақсаттарына («Тыңдалым және
айтылым», «Оқылым»; «Жазылым», «Тілдік нормаларды
қолдану» ) сәйкес әр сабақтың өз тақырыбы мен сағат көлемі
белгіленген.
Білім беру, түзетушілік міндеттерді шешу мақсатында
оқулық пен жұмыс дәптеріне арнайы тапсырмалар ен гізілген.
Оқулықта әр мәтіннен кейін түрлі сұрақтармен мен жаттығу
тапсырмалары ұсынылады. Олар – үш түрлі күрделілік
деңгейіндегі тапсырмалар. Нақты шарт белгісі бойынша үш түсті
special.edu.kz. special.edu.kz.
дөңгелекпен белгіленеді (қызыл, сары, жасыл). Жаңартылған
білім талаптарын ескере тапсырмалардың күрделілік деңгейі
жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балалардың педагогикалық топ-
тастырылуына сәйкес әзірленген. Мысалы, жеңіл деңгейдегі
тапсырмада тек оқу болса, орташа деңгейдегі тапсырма талдау
жұмысын талап етеді, қиын деңгей – оқу, талдау және жазу тап-
сырмасын бірге орындауды қажет етеді. Мәтінмен жұмыстар
түрлі тапсырмаларды көздейді. Нақты мәтінді оқу, мағынысын
айтып беру, мәтіннен керекті сөздерді табу, іріктеп көшіріп
жазу т.б. Оқушының алған білімін, зейінін тексеру мақсатында
сөйлемдегі жұп әріптердің (ш-щ) жоғын іздеуге де тапсырма
беруге болады.
special.edu.kz. special.edu.kz.
8