Page 15 - Әдістемелік нұсқау 6 сынып Қазақ тілі ЯЗ1
P. 15
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
нәтижесінде оқушылар белгілі бір лингвистикалық ақпаратты
ұғынуға, орфографиялық ережелерді меңгеруге және
қолдануға мүмкіндік алады, бұл әсіресе коммуникативтік
мақсатындығы сөйлеу тілін еркін пайдалану үшін аса
маңызды.
Зерде даму бұзылысы бар оқушылардың грамматикалық
ұғымдар мен орфографиялық ережелерді меңгеруі күрделі
жұмыс. 6-сыныпта грамматика және жазу бойынша оқу
материалдар төменгі сыныптардағыдай шоғырланған.
Мысалы, 5-сыныпта зат есіммен, етістікпен, сын есіммен
танысу, зат есімнің негізгі грамматикалық белгілерін, оның
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
жазуын үйрену, тілдің дыбыстық жүйесі туралы мәліметтерді
бекіту, сөздің құрамы туралы білімді кеңейту қарастырылған.
Ал, 6-сыныпта «Сөз» (дара, күрделі сөз туралы түсінік)
тақырыбы бойынша материал күрделенеді, зат есімінің
грамматикалық белгілерін одан әрі пысықтау, зерттеу, сын
есімімен, оның белгілері мен жазуымен танысу т.б. Төменгі
сыныптардан 6-сыныптағы қазақ тілінің айырмашылығы –
орфографиялық ережелер грамматикалық теория негізінде
оқытылады.
Оқушы сабақ барысында грамматика мен орфография
бойынша білімді және дағдыларды игеруі үшін, ол кез келген
ережелерде сөздегі фонеманы (дыбыстық талдау) бөліп,
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
сөздің морфологиялық құрамын, оның әр бөлігінің (түбір,
жұрнақ, жалғау т.б.) жалпы маңыздылығын сезінуі керек.
Сонымен қатар сөзді дербес, сөйлеу бірлігі ретінде бөлуі,
сөздік қоры жеткілікті болуы керек. Зерде даму бұзылысы
бар балалардың бұл кемшіліктері әсіресе айқын көрінеді.
Оны жою және арнайы мектептегі қазақ тілі сабақтарындағы
түзету жұмыстарының негізгі мәнін білдіреді.
Бағдарламадағы оқу материалының шоғырланып ор-
наласуы мұғалімге қазақ тілінің күрделі грамматикалық
ұғымдар мен ережелерін қарапайым элементтерге бөліп
және әрқайсысын толығымен жеке меңгертуге мүмкіндік
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
13