Page 14 - Әдістемелік нұсқау 6 сынып Қазақ тілі ЯЗ1
P. 14
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
материалдар мен тапсырмаларды сабақтастыра отырып
тиісті топтағы оқушыға толықтырып, кеңейтіп, тереңдетіп
немесе жеке-дара ерекшілігіне сәйкес азайтып, жеңілдетіп,
бейімдеп береді. Осы бағытта мұғалім мен оқушылардың
бірігіп орындайтын іс-әрекетінің нәтижесінде белгілі бір
білім, білік дағдылары қалыптасады.
Қазақ тілін оқытудың арнайы тәсілдемесі олигофре-
нопедагогиканың қағидаларына сүйене отырып мүмкіндігі
шектеулі балаларды тілге үйретуде, яғни оқу бағдарламасын
құруда арнайы әдістер таңдайды. Қазақ тіліне оқыту
тәсілдемесіде мынандай жалпы әдістер қолданылады,
special.edu.kz. special.edu.kz.
мысалы: әңгімелесу, мұғалімнің әңгімесі, ізденіс әдісі,
бағдарламаны оқыту, жаттығудың түрлері: ескертпе,
түсіндірме, шығармашылық, шығарма, диктант, мазмұндама.
Арнайы мектепте (сыныпта) зерде даму бұзылысы бар
балаларға қолданылатын әдістер мен құралдардың
барлығы таным үдерістеріндегі және сөйлеу тіліндегі, ұсақ
моторикасындағы кемістіктерін түзету бағытында болуы
әдістемелік талап.
Сонымен қатар ақыл-ой кемістігі бар балалардың
сөйлеу тіліне жүйелі түрде ықпал ету мен дамыту оны
жетілдіруге, ой-пікірлерін нақты білдіру дағдыларын
дамытуға, диалогті барабар жүргізуге және тіпті монологтік
special.edu.kz. special.edu.kz.
пікір білдіру дағдыларын дамытуға көмектеседі. Дәл
осы заңдылық мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінен
зерде даму бұзылысы бар балалардың сөйлеу тілінің
барлық жақтарындағы кемшіліктерді түзетуге, дамыту мен
белсенділігін қарым-қатынас құралы ретінде қолдана ала-
тын дәрежеде бағытталуын талап етеді.
Коммуникативтік бағыттылық принципі балаларды
оқытудағы тілдердің әртүрлі басты аспектілері (фонети-
ка, морфология, синтаксис) туралы ғана емес, ерекше
сөйлеу тілін практикалық тұрғыда қолдану дағдыларын
қалыптастыру болып табылады. Оларды пысықтау
special.edu.kz. special.edu.kz.
12