Page 9 - Әдістемелік нұсқау 6 сынып Қазақ тілі ЯЗ1
P. 9
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Үшіншіден, арнайы мектептің (сыныптардың) мұғалімдері
сынып құрамын есепке ала отырып оқулық, оқу құралдарын,
дидактикалық, түзету-дамытушылық материалдарды таңдау
құқығына ие. Бағдарламада көрсетілген білімнің көлемі мен
мазмұнына қарай оқулықтар әзірленеді. Оқулықтармен
қатар арнайы түрлі жаттығулар жинағы мен дидактикалық
материалдар, жұмыс дәптерлері дайындалады.
Оқулық пен жұмыс дәптеріндегі білім мазмұны мен тап-
сырмалар 6-сыныптың қазақ тілі бойынша бағдарламада
бекітілген ұзақ мерзімді жоспардағы тақырыптарына сәйкес
келеді.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Оқулықтың негізгі мақсаты – практикалық-грамматикалық
жаттығулар жүйесі арқылы грамматика мен жазуды меңге-
руге 6-сынып оқушыларын дайындау. Оқулықтың нақты
құрылымы бар: әрбір тақырып жаңа материалды оқылатын
тілдік құбылысты бақылау түрінде баяндаудан басталады,
содан кейін материалды бекітуге және бақылауға, көшіруге
тапсырмалар беріледі. Онда ақыл-ой кемістігі бар бала-
ларды қазақ тілін оқытуға арналған коммуникативтік, яғни
қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру мақсаттары
жүзеге асырылады.
Оқушыға арналған жұмыс дәптері «Қазақ тілі» пәнінің
оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіреді, оған қоса, мы-
салы: жұмыс бағдарламасы, оқулық, мұғалімге арналған
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
әдістемелік құрал, түрлі дидактикалық материалдар
және т.б. кешеннің басқа элементтерімен қатар өзара бай-
ланысты буындардың үйлесімді жүйесін біріктіреді. Мұғалім
арнайы оқыту кезінде оқулық пен жұмыс дәптерді пайдалана
отырып келесі білім беру міндеттерін шеше алады:
– ұғымдарды қалыптастыру;
– практикалық дағдылар мен машықтарды меңгеру;
– оқушылардың өзін-өзі бақылау дағдылары мен
біліктіліктерін қалыптастыру;
– таным үдерістерін дамыту және ауытқуларды түзету;
– оқыту үдерісін бақылау.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
7