Page 12 - Әдістемелік нұсқау 6 сынып Қазақ тілі ЯЗ1
P. 12
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
Жұмыс дәптері мен оқулық оқушылардың жасына сәйкес
келетін тартымды түрлі суреттермен безендірілген. Зерде
даму бұзылысы бар оқушылардың ойлау үдерістерінің
көрнекі сипатта болуы басым болғандықтан, суреттер
арқылы жаңа ұғымдар мен ережелерді түсіндіруге болады.
Бұл оқу үдерісінің қызықты өтуіне мүмкіндік береді. Мысалы,
дәстүр, саяхат ортақ тақырыптарды өту кезінде суретпен
безендіру арқылы мағынасын ашуға болады.
Зерде даму бұзылысы бар балалардың психофи-
зиологиялық жеке-дара ерекшеліктерін нақты білу қазақ тілін
үйрету үдерісіне ықпалын тигізеді. Бір оқушы математика
special.edu.kz. special.edu.kz.
пәнін оқу кезінде типологиялық бірінші топта болып, қызыл
деңгейдегі тапсырмаларды қиналмай, өз бетімен орындай
алатын болса, қазақ тілін меңгеру кезінде орташа немесе
үшінші топта болуы мүмкін, яғни үнемі мұғалімнің көмегін
қажет етеді, жеңілдетілген тапсырмаларды орындай ала-
ды. Сол себептен, зерде даму бұзылысы бар оқушыларға
тапсырмаларды іріктеу, ұсыну, олардың орындау мен
бағалануы өте маңызды, жауапкершілігі мол жұмыс.
3. ЗЕРДЕ ДАМУ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР БАЛАЛАРДЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ОҚЫТУ ТӘСІЛДЕМЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
special.edu.kz. special.edu.kz.
Зерде даму бұзылыстары бар балаларды қазақ тіліне
оқыту тәсілдемесі білімнің бір бағыты ретінде арнайы педа-
гогика, арнайы психология, олигофренопедагогика, логопе-
дия, психолингвистика бастауыш мектептегі қазақ тілін оқыту
әдістемесі т.с.с. пәндермен тығыз байланыста болады.
Арнайы мектепте қазақ тіліне оқытудың тәсілдемесі нақты
олигофренопедагогиканың дидактикасына негізделеді. Ол
зерде даму бұзылыстары бар оқушыларды қазақ тіліне
оқытудың заңдылықтарын, мақсат-міндеттерін, әдістерін,
қағидаларын, құрылымын зерттейді.
special.edu.kz. special.edu.kz.
10