Page 13 - Әдістемелік нұсқау 6 сынып Қазақ тілі ЯЗ1
P. 13

special.edu.kz.
                                                           special.edu.kz.
     special.edu.kz.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
             Қазақ  тілін  оқытудың  арнайы  тәсілдемесінің  негізгі
           мақсаты – зерде даму бұзылыстары бар оқушыларға қазақ
           тілін оқыту, қарым-қатынас құралы ретінде ауызша және
           жазбаша сөйлеу тілін қалыптастыру.
             Қазақ  тілін  оқытудың  арнайы  тәсілдемесінің  өзіндік
           зерттеу объектісі – зерде даму бұзылысы бар балаларды
           оқыту, олардың ауызша және жазба тілін дамыту, танымдық
           қабілеттерін жетілдіру  т.б.  болып табылады.  Қазақ тілін
           оқытудың арнайы тәсілдемесінің негізгі мақсаттары:
             •  зерде даму бұзылысы бар оқушыларды қазақ тіліне
                 оқытудың негізгі бағытын анықтау;
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
             •  оқытудың  шамаға  лайықты  жүйелілігі  және  оқу
                 материалының лайықты көлемі;
             •  оқытудың белсенділік және саналылық қағидасы;
             •  қажетті  тиімді  және  арнайы  оқыту  әдіс-тәсілдерін
                 таңдау, олардың түзетушілік мақсаты;
             •  тіл құралының көмегімен балалардың ой-өрісін да-
                 мыту;
             •  жеке тұлғаны дамыта отырып даралап-саралап оқыту;
             •  қазақ тілінен берілетін теориялық білімді ұлттық руха-
                 ни тәрбиемен, өмірмен тығыз байланыстыру.
             Ақыл-ой  кемістігі  бар  оқушыларды  қазақ  тіліне  оқыту
           теориясы фонетика, дыбыстану, лексика, грамматика, ор-
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           фография т.с.с ғылыми салалаларға негізделеді.
             Балалар меңгеретін морфологиялық және фонетикалық
           жазбалар  мен  ережелерді  қабылдау  үшін  жүргізілетін
           жұмыстар әртүрлі жүйеде болады. Сөйлеу тілін (ауызша/
           жазбаша) қалыптастыруға арналған грамматикалық мате-
           риал ерекше таңдап алынады және ол практикалық бағытта
           болуы тиіс.
             Арнайы мектепте (сыныпта) қазақ тілін оқытуда мұғалімнің
           бірінші  басшылыққа  алатын  жағдайы  –  әр  сыныптағы
           оқушылардың ерекшелігіне байланысты білім көлемін іріктей
           білуі. Мұғалім үш деңгейде (жеңіл, орташа, қиын) берілген
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
                                                                          11
   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18