Page 95 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 95
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Жекпе-жек* special.edu.kz.
Алыста бірін-бірі қуалай екі қара зытып барады. Ал-
дыңғысы аппақ қоян да, кейінгісі – қырдың қызыл түлкісі.
Түлкі қоянға жақындап қалды.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Кенет қоян ойламаған жерден бұғып жата қалды. Мұны
күтпеген түлкі екпінін баса алмады. Қоянға төне бергенде,
қоян артқы аяқтарымен бар күшімен оны салып қалды. Түл-
кі шалқасынан түсті. Тұра сала қайта ұмтылды.
Ашық алаңдағы қызу айқас* осылай басталды. Түлкі өт-
кір тісті азуын қоянның әр жеріне аямай-ақ салып жүр. Қоян
да түлкіден қалысар емес. Түлкіні тістеп қалады немесе те-
уіп қалады.
Бір кезде қызыл түлкі қар үстіне аунап түсті. Сол сәтте
қоян да секіріп қалың бұтаның ішіне кіріп жоқ болды.
Түлкі шалажансар* халде қар үстінде қозғалмай жатыр.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Қоян да бұтаның ішіне кіре құлады. Денесінде сау жер жоқ.
Қорқақ қояндар осындай ерлікке барады деп кім ой-
лаған?
(З. Иманбаев)
жекпе-жек, айқас – бір-бірімен күресу
шалажансар – әлсіреген халде
1. Алыста нелер зытып бара жатыр?
2. Кенет қоян қандай қимыл жасады?
3. Түлкіге қайтті?
4. Ашық алаңда не басталды?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
5. Екі аң бір-бірімен қалай айқасты?
6. Түлкіге не болды? Қоянға ше?
7. Әңгіме неліктен «Жепе-жек»деп аталған?
Ашық алаңдағы айқас туралы оқы.
Түлкі мен қоянның айқасын әңгімеле.
Қоянның ойламаған жердегі әрекетін тауып оқы. Айтып бер.
Бірін-бірі қуып келе жатқан аңдар туралы оқы. Ата.
Оларды сипатта.
Неліктен қорқақ қояндар осындай ерлік жасады деп ойлайсың?
93
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.