Page 96 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 96
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Кезекші special.edu.kz.
Айгүл мектепке күндегісінен де ерте келді. Өйткені ол сы-
ныпта кезекші. Келе сала кезекшілік қызметіне кірісті.
Айгүл қисық тұрған парталарды реттеді. Тақтаны сүртті.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Терезені ашып, сынып бөлмесін желдетті. Сыныпқа кірген
балаларға Айгүл:
– Таза ауаға шығыңдар! Сыныпқа ерте кірмеңдер, – деді.
Бір кезде сыныпқа Күлән кірді. Айгүлді көре сала:
– Кеше әкем маған жаңа көйлек алып берді... – деп сөй-
лей беріп еді, Айгүл оған да:
– Күлән, әңгімеңді сосын айтасың. Сыныптан шыға тұр, –
деді.
Күлән:
– Әлі уақыт бар ғой. Сенімен әңгімелесе тұрайыншы...
Айгүл:
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Жоқ. Болмайды. Мен кезекшімін. Тәртіп солай!
Күлән:
– Басқалар кезекші болғанда, балалар сыныпта топыр-
лап жүреді ғой...
Айгүл:
– Мен басқа емеспін. Мен – Айгүлмін.
Күлән:
– Ой, сенің Айгүл екеніңді біз білмеуші едік... – деп ма-
зақтап, сыныптан шығып кетті.
Үзіліс соғылды. Сабақ басталды. Меруерт апай келді.
– Сыныпта бүгін кім кезекші? Ә, Айгүл ме? Өте жақсы.
Қараңдаршы, балалар, сынаптың іші қандай тап-таза. Ке-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
зекші деген осындай болу керек, – деді Меруерт апай.
(М. Қалдыбаев)
Күлән мен Айгүлдің сөздерін рөлге бөліп оқыңдар. Әңгімеле.
1. Айгүл неліктен Күләнді тыңдағысы келмеді?
2. Күлән неге Айгүлді мазақтады?
Үзіліс соғылып, сабақ басталғанын тауып оқы.
Меруерт апай Айгүлді неге мақтады?
Мектепке келген Айгүл туралы оқы. Айтып бер.
Айгүл кезекшілігін қалай атқарды?
94
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.