Page 98 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 98
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Ақ тиін special.edu.kz.
Ералы аулада ойнап жүрген. Кенет қорадағы қойлар дүр
етіп үркіп тұра қалды.
Ол: «Бұл не болды екен?» – деп ойлады. Ералы жүгіріп
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
қораның жанына келді. Қораның ішіне қарап біраз тұрды.
Қараса, үйілген шөптің үстінде кішкентай бір аң жүр. Ера-
лы қандай аң екенін айыра алмады. Мысық па десе, құйрығы
ұзын сияқты. Ол енді анықтап қарамақшы болды. Жақында-
са, әлгі аң шөпке кіріп кетеді.
Осы кезде үй жақтан апасының:
– Балам, кеш батты. Үйге кір, – деген дауысы естілді.
– Апа! Шөптің ішінде бірдеңе жүр. Жақындасам, шөптің
ішіне кіріп кетеді. Қандай аң екенін білмей тұрмын. Мысыққа
ұқсамайтын сияқты,– деді Ералы.
Апасы:
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Балам, ол ақ тиін деген аң. Кешеден бері пайда болды.
Қайдан келгені белгісіз. Орманда өмір сүреді деуші еді. Ада-
сып келген ғой. Енді сен оған қамқор бол! – деп тапсырма
берді.
* * *
Ертеңінде Ералы мектептің ауласына барды. Жаңа жыл-
дан қалған шыршаны үйге алып келді. Қораның жанындағы
қарды қазды. Шыршаны жақсылап орнатты. Түбіне су құ йып
қозғалмайтындай етіп қатырып тастады. Үйден тиінге ар-
нап неше түрлі тәттілер алып шыққан еді. Оларды әдемілеп
шыр ша бұтақтарына іліп қойды. Тағы үйден кішкентай доп
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
тауып алды. Допты да шыршаның түбіне қойды.
Көп ұзамай-ақ тиін бәріне үйрене бастады. Шыршаның
бұтақтарынан бұтақтарына секіріп асыр салып ойнайтын
болды. Ілінген жаңғақтарды жейді. Кішкентай допты зыр ай-
налдырып ойнайды. Өзі сондай сүйкімді. Қарай бергің ке-
леді.
Енді ақ тиін Ералының үйден шыққанын күтіп тұратын
болды. Өйткені, ол тиінге үнемі жаңғақ, тәттілер әкеліп бе-
реді.
96
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.