Page 102 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 102
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Соңғы аяз special.edu.kz.
Ақпан айының соңғы күндері. Ауа райы күрт өзгерді. Күн
жылынды. Қар да ери бастады. Жылы жел соғып тұр.
Ағаш бұтақтарындағы, үй шатырларындағы қар еріп,
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
тамшылап тұр.
Құстар мен жан-жануарлар осы өзгерісті бірден байқай-
ды. Бұл жылымықты* көктемнің басталуы деп шатастырады.
Құстар әртүрлі әнге салады. Өз жұптарын іздей бастай-
ды. Осы кездерде орман іші көңілді құстардың дауысына
бөленеді. Әсіресе саңырауқұрдың дауысы ерекше шығады.
Құстардың осы өзгерісін адамдар да бірден байқайды.
Бұл кез бәріне көктем мезгілі келгендей әсер қалдырады.
Алда әлі соңғы аяз бар. Әлі қар жауады. Аяз болады. Бұл
алдамшы күннің жылынуы.
Құстар мен адамдар бұл жылымыққа алданып қалған
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
секілді. Себебі, ақпан айы әлі біткен жоқ. Соңғы күндерінде
қыс өзінің күшін көрсетіп қалмақшы. Ақпан айы – күнтізбе-
дегі ең қысқа ай. Оның басқа айлардан өзгешелігі де сол.
(М. Пришвин)
жылымық – күн жылынып, қардың еруі
Әңгімені оқы. Әңгімеле.
1. Жылымық деген не?
2. Құстар не істейді?
3. Құстардың әрекеті нені білдіреді?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Соңғы аяз туралы оқы. Айт.
1. Күннің алдамшы жылынуы деген не?
2. Құстар мен адамдардың алдану себебі неде?
Ақпан айының соңғы күндері туралы оқы.
Сұрақтарға толық жауап беруге тырыс.
1. Мәтін қыс мезгілінің қай айы туралы?
2. Ауа райы қандай?
Ақпан айының басқа айлардан ерекшелігін ата.
100
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.