Page 106 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 106

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                               Әдептілік                                         special.edu.kz.
                 Атасы Қайратқа:
                 – Әдептілік сөзден басталады. Дұрыс сөйлеп үйрен.
             Әдепті болсаң, сыйлы боласың! – деп ақыл айтады.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 «Әдепті» деп Қайраттың ағасы Әділетті айтуға болады.
             Әділет сабағын жақсы оқиды. Спортпен айналысады. Үл-
             кенді сыйлай біледі. Қайрат та ағасы Әділетке ұқсағысы ке-
             леді.
                 Бір күні Әділет ағасы үйге келем деген уақытынан кешігіп
             келді. Үйге кіре сала ағасы:
                 – Кешіріңіздер, кешігіп келдім... – деп әдептілік көрсетті.
                 – Ештеңе етпейді, балам! Қош келдің! – деді Атасы.
                 – Аға, келгеніңізге қуаныштымын! – деді Қайрат.
                 Әділет ағасы:
                 – Атам мен әжемнің тілін алып жүрсің бе? – деп сұрады.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 – Иә, маған сеніңіз! – деді Қайрат.
                 Қайрат ағасынан ұқыптылыққа, тазалыққа, әдепті сөй-
             леу ге үйренді. Ол әрдайым ағасына ұқсауға тырысады. Се-
             бебі Әділет ағасы үлкендердің айтқанын бәрін мұқият орын-
             дайды. Осыны байқаған атасы Қайратқа:
                 – Ағаңнан үлгі алып, әдепті бол! – деп кеңес берді.

                                                                          (Ә. Табылдыдан.)

                    Әдептілік дегеніміз – әр адамның барлық жақсы қа-
                сиеттері.

                       1. Атасы Қайратқа қандай ақыл айтты?
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                     2. Қайраттың кімге ұқсағысы келеді? Неге?
                 3. Әділет ағасы әдептілігін қалай көрсетті?
                 4. Ол Әділет ағасынан нені үйренді?
                 5. Атасы Қайратқа қандай кеңес берді?

                         Қайраттың ағасы туралы тұсты оқы. Әңгімеле.

                     Әділеттің ағасынан үйренгендері туралы оқы. Атасының кеңесін айт.
                     Атасының айтқан ақылын оқы. Өз сөзіңмен айтып көр.

                     «Әдепті» деп қандай баланы айтады?

             104
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   101   102   103   104   105   106   107   108   109   110   111