Page 108 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 108
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Серт special.edu.kz.
Қуаныш мектептен шықты. Өзін жігіттердей сезінгісі кел-
ді. Жерде жатқан темекінің тұқылын* алды. Дереу аузына
салды. Сол сәтте жанына әпкесі келе қалды.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Әпкесі:
– Оһ, бәлем! Сен темекі шегетін болғансың ба? Қазір әке-
ме айтамын, – деп үйге қарай жүгіре жөнелді.
– Әпке, айтпаңызшы! Мен тартқан жоқпын, жай әнше-
йін... – деп айтып үлгермей қалды Қуаныш.
Қуаныш мектептен үйге келді. Әпкесі айтып үлгерсе керек.
– Сені «темекі шекті» дейді ғой. Рас па? Темекіні сен тұр-
мақ мен де тартпаймын. Мен сені ақылды, жаман іске бар-
майтын бала деп жүрсем... . Қателескен екенмін, – деді әкесі.
Күнде мектептен келгенде әкесі Қуанышты бетінен сүйіп
қарсы алушы еді. Міне, ол әкесін ренжітті.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
«Ақылды болыңдар, жаман әдеттен аулақ жүріңдер.
Өтірік айтпаңдар!» – деп әкесі күнде ақылын айтушы еді.
Қуаныш темекінің қаншалықты денсаулыққа зиян екенін
біле тұра істеген қылығына өкінді.
Ол: «Енді темекіні аузыма алмаймын!» – деп өзіне серт
берді.
(К. Елемес)
темекінің тұқылы – тартылған темекінің қалдығы
Мектептен үйге келген Қуаныш туралы іштей оқы.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
1. Әкесі неге Қуанышқа ренжіді?
2. Әкесі қандай ақыл айтушы еді?
Әпкесі мен Қуаныштың сөзін рөлге бөліп оқыңдар.
1. Әпкесі неге шошып кетті? Не деді?
2. Қуаныш нені айтып үлгермей қалды?
Мектептен шыққан Қуаныш туралы дауыстап оқы.
1. Қуаныш өзін қалай сезінгісі келді? Не істеді?
2. Оның жанына кім келді?
Қуаныш өзіне қандай серт берді? Неге?
106
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.