Page 113 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 113

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                       Мейірімділік                                              special.edu.kz.
            Қытай елінде ескі заң бар. Біреуді алдауға болмайды. Егер

        алдағаның белгілі болса, онда сол адамның қолы кесіледі.
            Бір адам осындай іспен кінәлі болады. Әлгі адамды ұстап
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        алады. Қолын кеспекші болады.
            Сол кезде оның қызы:
            – Мен әкем үшін жауап беремін. Кессеңіздер, менің қо-
        лымды кесіңіздер! – деп қызы араша түсті. Қызды патшаға*
        алып келеді.
            – Патшам! Менің әкем жазаға лайық* іс жасады. Бірақ
        әкем үшін мен жауап беремін. Мынау менің қолым, – деп қыз
        өз қолын көтерді.
            –  Бұл  әкемің  қолы  деп  ойлаңыз.  Бірақ  бұл  еш  нәрсеге
        жарамайтын қол. Отбасымды асырауға шамасы жоқ, нашар
        қол. Ал бүкіл бала-шағаны асырап отырған, жұмысқа жа-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        райтын әкемнің қолын аман алып қалыңыз, – дейді.
            Патша қыздың мейірімділігіне таңғалады. Риза болады.
        Сөйтіп әкесінің кінәсін кешіреді. Босатып жібереді.

                                                                     (Ы. Алтынсарин)

                 патша – әмірші, жоғары лауазым
                 жазаға лайық іс – заңды бұзған адамның ісі



                1. Қытай елінде қандай заң бар? Біреуді алдасаң не болады?
                2. Кім осы іспен кінәлі болады? Оған не істемекші болады?

 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            3. Әлгі адамның қызы не дейді? Қызды кімге әкеледі?
            4. Патшаға қыз не деді?
                    Патшаға әкелген қыз туралы тұсты тауып тізбектей оқы.

            Қыздың патшаға айтқан сөзін әңгімелеп бер.
                Бір адамның осындай іспен кінәлі болғанын тауып оқы.
            Араша түскен қызы туралы айтып бер.
                Қытай еліндегі заң туралы оқы. Айтып көр.

                Патша қыздың әкесін неге бостып жіберді?                           111


 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   108   109   110   111   112   113   114   115   116   117   118