Page 117 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 117

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                        Жаман әдет                                               special.edu.kz.
            Заңғар мектептен келе сала қолын жумай дастарқандағы
        тағамдарды аузына салады. Әжесіне бағаларын көрсетеді.
        Сосын шешінеді. Қолын жуып дастарқанға отырады.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            – Сен оқушы болдың. Қолыңды жумай тамаққа қол сал-
        ма. Ол жаман әдет, – деп әжесі күнде ақыл айтып отырады.
            Бірақ Заңғар осы бір жаман әдеттен құтыла алмай-ақ
        қойды. Күндегі әдеті осы. Үстел үстінде ештеңе болмаса,
        ыдыста тұрған сары майды қасықпен аузына салады.
            Бүгін де Заңғар мектептен келе сала асүйге кірді. Дастар-

        қандағы ыдыстар бос тұр. Ыза болды. Шетте жарты стақан
        май тұр екен. Аузына бір-ақ тықты. Аузы-мұрны дуылдай жө-
        нелді.
            Сөйтсе, сары май дегені – жараға жағатын дәрі екен.
            Оның жүрегі айныды. Көзі жасаурап, қақалып-шашалып
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        жатыр. Жанына әкесі, әжесі жүгіріп келді. Заңғардың аузын
        шайды, тілін сүртті. Дәрінің біразы тамағына кетіп үлгеріпті.
        Ертесінде Заңғар ауырып қалды. Аузына ұшық* шықты.
            – Әже ұшық неден шығады? – деп сұрады ол әжесінен.
            – Балам, ұшық деген жаман әдеттен шығады, – деді әже-
        сі. Заңғар өз қателігін енді түсінді.
                                                                          (Д. Қасенов)

                 ұшық шықты – аузына жара шықты


                    Асүйге кірген Заңғар туралы тұсты іштей оқы.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.

                1. Заңғардың аузы неге дуылдады?

            2. Сары май дегені не болып шықты? Заңғарға  не болды?
                Мектептен келген Заңғар туралы кезектесіп оқы. Әңгімелеп айт.
            1. Заңғар күнде не істейді? Әжесі не деді?
            2. Заңғардың жаман әдеті қандай?

                Заңғардың әжесіне қойған сұрағын оқы. Айтып көр.
            1. Заңғар өз қателігін қалай түсінді?

                «Жаман әдет» деп нені айтамыз? Өзара талда.                        115


 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   112   113   114   115   116   117   118   119   120   121   122