Page 115 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 115
special.edu.kz.
special.edu.kz.
– Менің анам бұдан да жақсы. Суретім жаман болып кет- special.edu.kz.
ті, – деді мұңайып*.
Ерен апай:
– Қоя ғой. Әрине, сенің анаң жақсы адам. Ең бастысы,
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
суретіңді өз қолыңмен, шын көңіліңмен салдың. Апаң мына
суретіңе қуанатын болады, – деді.
Апайдың сөзіне Дана көңілденіп шыға келді. Тезірек
салған суретін анасына беруге асықты.
(Ә. Қалдыбаевтан.)
жауқазын – көктем гүлі
қалампыр – гүлдің аты
мұңайып – көңіл күйі түсті
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
1. Қандай сабақ жүріп жатыр?
2. Ерен апай балаларға қандай тапсырма берді?
3. Балалар не істеді? Не деді?
4. Темір мен Зере қандай сурет салмақшы болды?
5. Дана ше? Көз алдына не елестеді?
6. Балалар не істеуге кірісті?
7. Неліктен Дананың көңіл күйі бұзылды?
8. Апай Темір мен Зеренің салған суретіне не деді?
9. Данаға неге суреті ұнамады?
10. Апайға Дана неге мұңайып жауап берді?
11. Апай Дананы қалай жұбатты? Дана қайда асықты?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Балалардың апайға көрсеткен суреттері туралы тұсты оқы.
Дананың мұңаю себебін түсіндіріп көр.
Темір, Зере, Дана мен Ерен апайдың сөздерін кезектесіп оқы.
Олардың қандай сурет салмақшы болғанын айт.
Ерен апайдың балаларға берген тапсырмасын дауыстап оқы.
Айтып бер.
Сен анаңа сыйлыққа қандай сурет салар едің?
special.edu.kz. special.edu.kz. 113 special.edu.kz.