Page 116 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 116

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                   Екі балапан туралы ертегі                                     special.edu.kz.
                 Бір ұядан екі балапан шықты. Екеуі жем іздей бастады.

             Олар жолда жатқан екі дәнді көрді.
                 Бидайдың дәнінің бірі балапандарға:
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 – Бізге көмектесіңдерші... Бізді жерге көмсеңдер, күзде
             сендердің қарындарыңды тойдырамыз, – деді.
                 Балапанның біреуі қомағай* екен. Дәннің сөзін тыңдамай
             біреуін жеп алды. Ал екінші балапанның дәнге жаны ашып
             кетеді. Дәнді жерге көмеді. Аузына су толтырып әкеліп дән-
             ге құяды.
                 – Ой! Жей салмайсың ба! – дейді оған қомағай* балапан.
                 Күз келді. Бір күні жолда келе жатып өсіп тұрған бидайды
             көреді. Оның сабағындағы дәндерін айтсаңшы! Көбін-ай!
                 Қомағай балапан бидайға жүгіріп барады. Дәндерін же-
             мекші болады. Сол кезде бидай қауызын* жауып алады. Ба-
                                                                             (Ж. Әлмашев) special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
             лапан әрі-бері тұмсығымен түрткілеп аша алмай қояды.
                 Екінші балапан бидайға жақындайды. Бидай балапанға:
                 – Дәндерімді қалағаныңша жей ғой. Сен қайырымы мол
             балапансың, – деп қауызын ашты.




                      қомағай – тамаққа шыдамсыз
                      бидай қауызы – бидайдың сыртындағы қабығы


                         Күз келген тұсты тауып оқы. Екі балапанға мінездеме бер.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                     Бидайдың өз дәндерін екінші балапанға беру себебін түсіндір.
                 1. Күзде балапандар нені көрді?
                 2. Бидай екі балапанның қайсысына дән берді? Неге?
                     Бидай дәнінің балапандарға айтқан сөзін тауып оқы.
                 Екі балапанның әрекетін салыстырып айт.
                 1. Бидай дәні не деді?
                 2. Екі балапан дәннің айтқанын қалай орындады?
                     Ұядан шыққан балапандар туралы оқы.
                 1. Екі балапан не іздеді? Жолда жатқан нені көрді?


             114
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   111   112   113   114   115   116   117   118   119   120   121