Page 112 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 112
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Өкініш special.edu.kz.
Кешке Алданның ыстығы көтерілді. Жөтеле бастады.
Басы ауырып, мазасы кетті.
Апасы мен әжесі Алданға барлық ем-домды жасады.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Бірақ оның ыстығы қайтар емес. Жөтелі одан әрі күшейіп
кетті. Тіпті болмаған соң, апасы жедел жәрдем шақырды.
Дәрігер Алданның ыстығын өлшеп, кеудесін тыңдады. «Суық
тиген», – деп ауруханаға алып кетті.
Алданның есіне Сәруар түсті. Бірге ойнап, мектепке де
бірге баратын. Сол досы ауруханаға әлі бір рет келмеді.
Әлде оны өкпелетіп алды ма? Ойлап отырса, ондайдың жөні
жоқ. «Дос болғаның бекер екен... Сырың белгілі болды...» –
деп Алдан Сәруарға өкпеледі.
Алдан ауруханадан шықты. Сабағына оралды. Келе сала
Сәруарды сұрады. Сөйтсе, ол аттан құлап, ауруханаға түсіп
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
қалыпты. «Бәсе, дос екені шын болса, бір рет болсын маған
келер еді. Сәруарға бекер өкпелегеніме өкінемін...» – деп
іштей ойлады Алдан.
– Анашым, дәмді етіп тамақ жасаңызшы! – деді Алдан. –
Әже, Сәруар оқыстан аяғын сындырып алыпты. Ауруханада
жатыр екен. Сіз екеуміз барып қайтайықшы. Досым терезе-
ге қарап мені тосып жатқан шығар... – деді Алдан.
– Ақылыңнан айналайын! Барсақ, барайық. Адамның дос-
тығы, бауырмалдығы осындайда белгілі болады. Анаң жақ-
сылып тамақ істеп береді, – деп әжесі риза болды.
(Т. Әбдірайымнан.)
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Ауруханадан шыққан Алдан туралы тұсты іштей оқы.
1. Сәруар туралы не естіді? Анасынан нені өтінді?
2. Әжесі риза болып не деді?
Апасы мен әжесінің Алданды емдеген тұсын тауып оқы.
1. Алдан неліктен ауруханаға түсті? Сәруарға неге өкпеледі?
Алданның ыстығы көтерілген тұсын дауыстап оқы.
1. Алданға не болды?
Алдан не үшін өкінді?
110
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.