Page 107 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 107
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Әкенің реніші special.edu.kz.
Әкесі жұмыстан үйге көңілсіз келді.
Әбен:
– Әке, сізге не болды? – деп сұрады әкесінен.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Әкесі:
– Ұяты жоқ екен! – деді қабағын түйіп.
Әбен:
– Кім туралы айтып тұрсыз, әке? – деді түсінбей.
Әкесі:
– Әлгі бір баланы айтамын ... . Жұмыстан шаршап шығып
едім, автобуста бос орын болмады. Бір бала отыр екен, со-
ның жанына барып тұрдым. Орын беретін шығар деп ойла-
дым. Бірақ ол мені көрмегенсіп отыра берді, – деді.
– «Орын бер» деп неге айтпадыңыз? – деді Әбен.
– Ондай әдепсіз балаға не айтасың? – деді әкесі.
– Мен болсам ол балаға ұрсар едім, – деді Әбен.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Сабыр сақтау керек, балам. Ол ізеттілікке жатпайды, –
деп ақыл айтты.
– Мен сізді түсінбедім, әке. «Ізеттілік» деген не сонда? –
деді.
– Ізеттілік дегеніміз – әдептілік, сабырлылық, басқаларды
сыйлай білу, – деп әкесі жауап берді.
– Охо! Әлгі бала ізеттіліктен жұрдай екен-ау, әке. Ол
өскенде жақсы адам болмайды. Ондай баланы қайта тәрбие-
леу керек шығар онда, – деді басын шайқап.
– Әрқашан ізетті адам бол! – деп ақылын айтты әкесі.
(Ә. Табылдыдан.)
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Әкесі мен Әбеннің сөзін рөлге бөліп оқыңдар. Әңгімеле.
1. Әкесі неге ренжіді?
2. Әбенге қандай ақыл айтты?
Әкесінің ізеттілік туралы айтқан сөзін тауып оқы. Айтып бер.
1. «Ізеттілік» дегеніміз не?
2. Әділет басын шайқап не деді?
Әкесінің айтқан ақылын оқы. Айтып көр.
«Ізетті бол!» дегенді қалай түсінесің? 105
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.