Page 109 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 109
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Кешірім special.edu.kz.
Сабақ уақыты. Есік ашылып, бір атай кіріп келді. Жа-
нында Сайран бар. Сайранның көйлегі жыртылып қалған.
Үсті-басы шаң-шаң.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Қарағым, мына бала осы сыныпта оқи ма? – деді атай.
– Иә, ата, ол не бүлдіріп қойды? – деп сұрады апай.
Атай:
– Бақша ішін аралап жүр едім, мына бала ағаштан жерге
құлап түсті. Ағаштың қаншама бұтағы сынды. Обал-ай! – деп
ренжіп, сыныптан шығып кетті.
Сайран жақсы оқитын, тәртіпті бала еді. Бұндай іске қа-
лай барды екен?
– Ал, Сайран не үшін ағаш басына шықтың? Неге бұтақта-
рын сындырдың? – деп сұрады апай.
– Апай, кешіріңізші! Мен байқамай... Менің сындырайын
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
деген ойым жоқ еді, – деді Сайран жыламсырап.
Сөйтсек, осы ағашқа құстар ұя салыпты. Сайран құстар-
дың балапандарына жем салып жүреді екен. Таңертең қат-
ты жел соғады. Ұя құлауға шақ қалады. Құстардың шырыл-
даған дауысын естіп, Сайран ағашқа шығады. Ұяны орнына
қояды. Сол кезде бұтақ сынып кетеді. Ал Сайран болса тура
атаның алдына құлап түседі.
– Балалар, Сайранды кешіреміз бе? – деп сұрады апай.
– Әрине, кешіреміз! – деп біз шу ете қалдық.
(Б. Досымов)
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Атайдың, апайдың, Сайранның сөздерін тауып оқы. Әңгімеле.
1. Атай апайға не деді?
2. Атай неге ренжіді? Сайран неліктен жыламсырады?
Ағашқа ұя салған құстар туралы түсініп оқы. Мазмұндап айт.
1. Сайран неліктен ағашқа шықты?
2. Апай балалардан нені сұрады?
Сабақ уақыты туралы кезектесіп оқы. Айтып бер.
1. Сыныпқа кімдер кірді?
2. Сайранның үсті-басы қандай? 107
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.