Page 111 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 111

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                        Маңдай тер                                               special.edu.kz.
            Атасы үйге бірнеше жеміс көшеттерін алып келді. Таңер-
        тең Хамитті ертіп үйдің жанындағы баққа келді. Олар жеміс
        ағаштарын отырғызбақшы. Хамит баққа жеткенше атасы-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        ның маңдай тер туралы әңгімесін тыңдады.
            Хамит:
            – Ата, «маңдай тер» деген не сонда? – деп сұрады.
            Хамиттің сұрағына атасы ойланып қалды. Қолындағы
        күрегін Хамитке берді.
            Атасы:
            – Мына жеміс ағаштарын отырғыз, – деп тапсырма берді.
            Хамит жеміс ағаштарын отырғызып болғанша пора-пора
        терледі. Бірақ атасы сұраққа жауап бермеді.
            Жылдар өтті. Көшеттер үлкен ағашқа айналды. Алма мен
        жүзім мол жеміс берді.
            Күз кезінде атасы Хамитті ертіп баққа келді. Атасы қып-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        қызыл алманы үзіп Хамитке берді.
            – Ата, алма сондай дәмді!.. – деді Хамит.
            Атасы:
            – «Маңдай тер» деген осы, балам. Ол – өз еңбегіңнің же-
        місі! – деді.
                                                                         (Б. Досымов)

                1. Атасы мен Хамит не істемекші?
                2. Хамит атасына қандай сұрақ қойды?
            3. Атасы Хамитке не істуді тапсырды?
            4. Атасы Хамиттің сұрағына жауап берді ме?
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            5. Жылдар өтіп, жемістер қандай болды?
            6. Күзде атасы мен Хамит қайда келді? Атасы оған не берді?
            7. Атасы маңдай тердің не екенін қалай түсіндірді?
                    Жылдар өтіп, үлкейген ағаштар туралы тұсты оқы.
                Өз сөзіңмен әңгімеле.

                Хамиттің атасына қойған сұрағын тауып оқы.
            Атасының оған берген тапсырмасын айтып бер.
                Атасының үйге әкелген көшеттері туралы оқы. Бақта жасаған
            жұмыстары туралы айт.
                «Маңдай тер» деген не?                                             109


 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   106   107   108   109   110   111   112   113   114   115   116