Page 110 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 110

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                   Қайтпай қалған қарлығаш                                       special.edu.kz.
                 Қыстың алғашқы күндерінің бірі. Асан далаға шықты. Да-
             лаға қалың қар жауыпты. «Қарды күреу керек», – деп ойлады.
                 Күрек алуға қораға барды. Қораның ішінде бүрісіп отыр-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             ған құсты көрді. Мынау, қарлығаш қой! Ол неге ұшпай
             қалған?
                 – Ата, біздің қорада қарлығаш отыр. Жылы жаққа қайт-
             пай қалыпты. Қатты тоңыпты! – деп, Асан үйге жүгіріп кірді.
                 Сөйтсе, қарлығаштың қанаты жараланыпты. Олар қар-
             лығашты үйге алып келді. Атасы темірден тор жасады. Асан
             алдына нан қоқымдарын шашты. Су құйып қойды.
                 Қарлығаш бірте-бірте қолға үйрене бастады. Қыс бойы
             Асан қарлығашты күтіп-бақты. Оны аман алып қалды. Егер
             Асан болмаса қарлығаш аязда үсіп өлер еді. Атасы қар-
             лығаштың аяғына сақина кигізіп қойды.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Көктем келді. Асан атасымен қарлығашты ұшырып жі-
             берді. Қарлығаш үйді екі айналды да, ұша жөнелді.
                 Арада бірнеше күн өткенде қарлығаш қайта оралды.
             Асан  оны  аяғындағы  сақинадан  таныды.  Жанында  серігі
             бар. Олар қораға ұя салды.
                 «Бұлар жақсы адамдар. Олар бізге ешқашан жамандық
             жасамайды!» – дегендей үйді айналып ұшып жүрді.
                                                                          (Т. Тайбазарұлы)


                     1. Оқиға қай жыл мезілінде болды?
                     2. Асан қорадан қандай құсты көрді? Атасынан не сұрады?
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 3. Қарлығашқа не болды?
                 4. Олар қарлығашқа қандай қамқорлық жасады?
                 5. Атасы қарлығаштың аяғына не кигізді?
                 6. Көктемде олар не істеді? Қарлығаш неге қайта оралды?
                 7. Қарлығаштар қамқорлықты қалай бағалады?


                         Көктем келген тұсты тауып оқы. Мазмұндап айт.

                     Қанаты жараланған қарлығаш туралы оқы. Әңгімеле.
                     Қыстың алғашқы күндері туралы оқы. Асанның қорада көрген
                 құсы жайлы айтып бер.
             108
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   105   106   107   108   109   110   111   112   113   114   115