Page 114 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 114
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Анамның суреті special.edu.kz.
Сурет сабағы басталды.
Ерен апай:
– Балалар, 8 наурыз жақындап қалды. Ол аналар күні
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
екенін білесіңдер. Бүгіні аналарыңа лайық сыйлық болатын-
дай сурет салыңдар, – деді. Балалар қуанып кетті.
Темір:
– Мен анама жауқазынның* суретін саламын, – деді.
Зере:
– Мен де әдемілеп қалампырдың* суретін саламын, – деді.
Дана:
– Апай, мен анамның суретін саламын, – деді.
Ерен апай:
– Өте жақсы! Ендеше сурет салуға кірісіңдер! – деді.
Дана көз алдына анасының күлімдеген көзін, мейірімді
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
түрін елестетті. Суретті қалай бастап саларын білмей біраз
отырды. Балалардың бәрі жұмысқа кірісіп кетіпті. Сурет-
терін әдемілеп бояп жатыр. Дана сурет салуға кірісті. Бір
өшіріп, бір салды. Әйтеуір салып шықты. Бар өнерін салып
әдемілеп бояды. Міне, анасының суреті дайын! Анықтап қа-
раса, салған суреті анасына мүлде ұқсамайды. Дананың
көңіл күйі түсіп кетті.
* * *
Балалардың бір-бірлеп суреттерін апайға көрсетіп жатыр.
Ерен апай:
– Темір, гүлің нағыз анаңа сыйлайтын гүл екен. Жарай-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
сың! Зере, кәне, сенің суретіңді көрейік. Тамаша! Әдемі гүл
салыпсың ғой. Ал, Дана, сенің суретің қайда? Анаңның су-
ретін салам деп едің? – деп апай оның жанына келді.
Дана үнсіз дәптерін апайға ақырын жақындатты.
Ерен апай:
– Дана, суретіңді жақсы салыпсың. Ендеше неге көңілсіз
болып отырсың? – деп сұрады.
Дана:
112
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.