Page 101 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 101
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Сырғанақ special.edu.kz.
Таңертең Ержігіт далаға шықты. Түнімен қалың қар жа-
уыпты. Айнала аппақ қар. Қолына күрек алды. Қарды үйіп,
сырғанақ соқты. Оған шелекпен су тасып құйды. Өзі әбден
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
шаршады. Бірақ жасаған сырғанағы өзіне қатты ұнады.
Таңертең тұра сала сырғанаққа қарай жүгірді. Міне, қы-
зық! Көрші тұратын достары Қанат, Әрсен, Дастан сырғанақ-
та асыр салып ойнап жүр. Ержігіт сырғанағын қызғанып кетті.
Ержігіт:
– Бәрің кетіңдер! Бұл – менің сырғанағым! – деп айқайлады.
Достары Ержігіттен бұндайды күтпеп еді. Тұрып қалды.
Ержігіт:
– Кәнеки, кетіңдер тез! – деп одан әрі бақырды.
Дастан:
– Сырғанағыңды бізден аяйсың ба? – деді таңданып.
Әрсен:
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Бәріміз дос емеспіз бе? – деді.
Қанат:
– Кеше айтсаң, көмектесер едік, – деді
– Жоқ! Кетіңдер дедім ғой, кетіңдер! Бітті! – деді ол қа-
бағын түйіп.
Достары жиналып кетіп қалды. Ержігіт жалғыз өзі сыр-
ғанай бастады. Алғашқыда қызық сияқты еді. Бірте-бір-
те жалыға бастады. Достарын қуып жібергеніне өкінді. Өз
қылығы үшін ұялды. Жалғыз болған қандай жаман! Қандай
көңілсіз! Ол достарының артынан жүгіре жөнелді.
(Т. Әбдірайымнан.)
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Ержігіт пен достарының сөздерін кезектесіп оқыңдар. Әң-
гімеле.
1. Достары Ержігітке не деді? Олар не істеді?
2. Неліктен ол өз ісіне өкінді?
Таңертең сырғанаққа келген Ержігіт туралы түсініп оқы. Айтып бер.
1. Сырғанақта кімдер ойнап жүр?
2. Ержігіт неге достарын қуып жіберді?
Далаға шыққан Ержігіт туралы дауыстап оқы. Айт.
1. Дала қандай?
2. Ержігіт не істеді?
Ержігіт не үшін достарынан ұялды? 99
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.