Page 97 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 97

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                               ІІ                                                special.edu.kz.
            Қоңырау соғылып, балалар үзіліске шықты. Айгүл әдетін-
        ше кезекшілік қызметін атқаруға кірісті. Парталарды реттеп
        жүріп Айгүл жерден жүз теңге тауып алды. Мұны жанындағы
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        Күлән көріп қуанып кетті де:
            – Айгүл, өзің қалай тауып ала қоясың. Менің көзіме неге
        түспеді екен? Жүр! Асханадан тәтті күлше алып жейік! – деді.
            Айгүл:
            – Сен не айтып тұрсың, Күлән! Бұл біреудің ақшасы ғой.
        Қазір балалар келген соң сұраймыз. Ақшаны иесіне қайта-
        рып беруіміз керек емес пе! – деді ренжіп.
            Күлән:
            – Ой, сұрап қайтесің! Ешкім көріп тұрған жоқ. Мен еш-
        кімге айтпаймын. Жүрші, асханаға барайық, – деді.
            Айгүл:
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            – Ол не дегенің? Ұят болады, қой, – деді.
            Қоңырау соғылды. Балалар сыныпқа кірді.
            Айгүл:
            – Кім ақша жоғалтты? Кім ақша жоғалтты? – деді дауыстап.
            Балалар қалталарын қарай бастады.
            – Менің жүз теңгем жоқ, – деді Дүйсен  Айгүлге.
            – Міне, ала ғой. Ендігәрі ақшаңа ие бол! – деді Айгүл.
            – Айгүл, саған көп рақмет! – деді Дүйсен. Осы кезде Күлән
        өз ісінің дұрыс емес екенін түсінді. Қызарып төмен қарады.
                                                                      (М. Қалдыбаев)
                    Күлән мен Айгүлдің сөздерін кезектесіп оқы. Айгүл мен
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                Күләнға мінездеме бер.
            1. Күлән қандай ұсыныс жасады?
            2. Айгүл Күләнға неліктен ренжіді?
                Сыныпқа кірген балалар туралы оқы.
            1. Айгүл балалардан не деп сұрады?
            2. Дүйсен неге алғыс айтты?
            3. Күлән өз қателігін түсінді ме?
                Үзіліс кезіндегі табылған ақша туралы оқы.
            1. Айгүл не тауып алды?
            2. Оны кім көрді?                                                        95

 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   92   93   94   95   96   97   98   99   100   101   102