Page 104 - 7.1.1
P. 104
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Осы шақ болатын етістіктердің мағыналық белгілері: special-edu.kz.
Сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді. Әрдайым
болып тұрған дағдылы іс-әрекетті көрсетеді. Мысалы:
Трактор жер жыртып жүр. Мал өрісте жатыр. Осы
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
сөйлемдегі жыртып жүр, жатыр етістіктері – сөйлеп
тұрған сәттегі қимылдар.
Трактор жер жыртады. Нұрлан хат жазып
тұрады. Мал өрісте жатады. Бұл сөйлемдердегі
жыртады, жазып тұрады, жатады етістіктері – қа-
лыптасқан, болып тұрған дағдылы іс- әрекеттер.
Міне, осылай етістіктің осы шағы істің дағдылы түр-
де болып тұрғанын және сөйлеп тұрған кезде істеліп
жатқанын білдіреді.
2-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, етістіктердің қай шақта
тұрғанын айт. Етістіктерге сұрақ қой.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Күн жарқырап тұр. Қар еріп жатыр. Арықтағы су ағып
жатыр. Арық жағасында үлкен терек өсіп тұр. Қарға те-
ректің бұтағына ұя салды. Ұяда екі балапан жатыр. Олар
анасын күтіп отыр. Жағалауға жан-жануарлар жиналды.
Құлын-бұзаулар арықтың жағасында тұр.
Тимур – суретші. Тимур сурет салып отыр. Сен оған
көмектесіп отырсың. Сендер төбенің басында отырсыңдар.
Етекте өзен ағып жатыр. Суы мөп-мөлдір. Тимур өзеннің
суретін салды.
3-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, етістіктердің қай шақта
тұрғанын айт. Етістіктерге сұрақ қой.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Сасықкөкек – өте әдемі және епті құс. Оларды ала
шұбар түсіне және қауырсынды айдарына қарай басқа
құстардан оңай ажыратуға болады. Ол айдарын біре-
се көтеріп, біресе түсіріп, жан-жаққа жалтақтай қарап,
жылдам жүгіріп жүреді. Олар үшкір ұзын тұмсығымен
жәндіктерді жарықтардан шығарып алысымен, аспанға
қарай лақтырып жібереді де, бір ұшынан ұстап алғанда
ғана жұта алады.
(«Айгөлек» журналынан.)
102
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.