Page 105 - 7.1.1
P. 105
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Келер шақ special-edu.kz.
Келер шақ етістіктер келешекте болатын істі біл-
діреді. Келер шақ етістіктер Не істеймін? Не істейсің?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Не істейді? деген сияқты сұрақтарға жауап береді.
Мысалы: Ол мектепке ерте бармақ. Сендер үйге
келесіңдер. Бұл сөйлемдердегі бармақ, келесіңдер де-
ген етістіктер бару, келу қимылдарының әлі болмаға-
нын, бірақ келешекте болатынын білдіріп тұр.
1-тапсырма. Оқып шығып, осы шақ, келер шақ мәніндегі
етістіктерді теріп жаз.
Жылқының қымызы өкпе ауруының мың да бір емі.
Жылқы терісінің иісі шыққан жерге жылан жоламайды.
Далаға қонған адам жылан келмесін десе, атының ер-тұр-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
манын айнала жайып тастайды. Жылан шаққан адамға
аттың терісін қайнатып ішкізсе, ем болады екен. Жылқы
лай суды да, сасыған суды да ішпейді. Ол тұнық, таза
судан жүзіп жүріп ішеді. Шөптің асылын да теріп жейді.
Сондықтан жылқының еті мен оның сорпасына құрт езіп
ішкен жылқышы қатты қыста тоңбайды.
2-тапсырма. Оқып шығып, осы шақ және келер шақ мәнін-
дегі етістіктерді теріп жаз.
Әтеш алғаш шақырғанда түн ортасы болғанын білесің.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Содан соң таңға жуық шақырады. Мыңдаған жылдар бойы
оятқыш сағат қызметін әтештер атқарып келген. Өйткені
алғашқы сағаттар «оятуды» білмеген. Кейін келе шебер-
лер арнайы бекітілген металды соғып, дыбыс шығаратын
сағат ойлап тапты. Бірақ ондай сағаттар қажет кезінде
емес, сағат сайын соғып тұрды. Қазіргі оятқыш сағат-
тар керекті кезінде шырылдап қана қоймайды, бұлбұлша
сайрап, әтешше шақыра алады.
(«Балдырған» журналынан.)
103
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.