Page 110 - 7.1.1
P. 110
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Сөйлем. special-edu.kz.
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жай сөйлем жалаң, жайылма сөйлем болып екіге
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
бөлінеді.
1. Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді
жалаң сөйлем дейміз. Мысалы: Жаңбыр жауды. Күн
күркіреді. Бұлттар көшті.
2. Тұрлаулы мүшелермен қоса тұрлаусыз мүшелері
де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз. Мысалы:
Кеше жаңбыр жауды. Таңертең күн күркіреді. Қою
қара бұлттар көше бастады.
1-тапсырма. Жалаң сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем
мүшелеріне талда.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Көктем келді. Күн ұзарды. Күн жылынды. Жер кө-
герді. Қызғалдақтар гүлдеді. Су ақты. Мал тойынды. Төл
жарыды. Өріс кеңейді. Құстар оралды.
2-тапсырма. Екі бағандағы сөйлемдерді салыстыр.
Көктем келді. Жарқырап көктем келді.
Қызғалдақтар гүлдеді. Далада қызғалдақтар гүлдеді.
Су ақты. Арықтардан су ақты.
Мал тойынды. Мал көкке тойынды.
Төл жарыды. Төл уызға жарыды.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Жыл құстары оралды.
Құстар оралды.
Күн жылынды.
Көктемде күн жылынды.
3-тапсырма. Мәтінді оқы. Жайылма сөйлемдерді жалаң
сөйлемге айналдырып жаз.
Дүниеде барлық жәндіктер еңбектенеді. Кішкентай құ-
мырсқа қысқа азық даярлап жүр. Өрмекші, маса, шыбын
ұстау үшін тұзақ құрып жүр. Қарлығаш ұя салу үшін
шөп жинап жүр. Кірпі жапырақтар тасып жүр.
108
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.