Page 107 - 7.1.1
P. 107
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Өткен шақ special-edu.kz.
Өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған
сәттен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіреді. Өткен
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
шақ етістіктер не істедім? не істедің? не істеді?
Мысалы: Ол оқуды бітірді. Мен бұл кітапты оқы-
дым. Ол кезде сен оннан асқансың. Шалдың бір бала-
сы болыпты. Демалыста оқушылар қалаға баратын.
Берілген мысалдағы бітірді, оқыдым, асқансың,
болыпты, баратын деген етістіктер бітіру, оқу, асу,
болу, бару қимылдарының (іс-әрекеттерінің) болып
кеткенін білдіріп, өткен шақ мағынасын беріп тұр.
1-тапсырма. Оқып шығып, өткен шақ мағынасын білдіріп
тұрған етістіктерді тап.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Оқушылар жазғы демалыс кезінде тауға серуенге
шықты. Олар таудың етегіндегі ағашқа келіп біраз дема-
лып отырды. Осы кезде Мұқан мен Кәкімтай ағаш ішін
аралап кетіп еді. Екеуі сәл ілгері жүгіріп келе жатып, бір
мөлдір бұлақтың үстінен шықты.
Екі бала бұлақтың бойын қуалай жоғары өрледі. Көп
ұзамай-ақ олар бұлақтың көзін тапты. Екеуі судың дәмін
қайта-қайта татып, тамсана түсіп біраз отырды. Бұлақтың
басында серуендеп жүрген балалар да түгел жиналды. Су-
дың дәмін бәрі татып көріп, түрлі-түрлі пікірлер айтты.
(Н. Ғабдуллин)
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
2-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, өткен шақ мағынасын
білдіріп тұрған етістіктерді тауып, астын сыз. Мазмұнын айтып бер.
Менің досымның аты – Берік. Өткен сенбі күні оның
үйінде қонақта болдым. Оның шарбағының ішінен үй
қояндарын көрдім. Берік қояндарға жақсы үйшіктер
дайындаған. Үйшіктерде жем-шөптері, сулары мол екен.
Мен ақ қоянға сәбіз тастадым. Берік қояндары туралы
көп айтты. Ол маған көгершіндерін де көрсетті.
105
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.