Page 103 - 7.1.1
P. 103
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Етістіктің шақтары special-edu.kz.
Етістіктің қимыл, іс-әрекетті білдіретіндігі белгілі.
Ал іс-әрекет, қимыл белгілі бір кезеңде іске асады,
орындалады. Қимылдың өту кезеңі сөйлеушінің ха-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
барлау кезімен немесе сөйлеп тұрған сәтке айқында-
лады. Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту
кезеңін білдіру етістіктің шағы деп аталады. Сөйлеп
тұрған сәтпен байланысты қимылдың мезгілі, шақтық
мағынасы мынандай болуы мүмкін:
Үнемі қайталанатын, дағдыға айналған іс-қимыл;
• сөйлеп тұрған кезде болып жатқан қимыл, іс- әрекет;
• сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткен іс-әрекет;
• сөйлеп тұрған кезде әлі болмаған, бірақ кейін бо-
луға тиісті қимыл, іс-әрекет.
Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың болу
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
мезгілі үш түрлі болады. Соған сәйкес етістіктің шақта-
ры да үш түрге бөлінеді.
Сөйлеп тұрған сәтке байланысты, яғни сол болып
жатқан қимылды осы шақ, әлі болмаған, бірақ кейін
болатын қимылды келер шақ, сөйлеп тұрған сәттен
бұрын болып өткен қимылды өткен шақ білдіреді.
1-тапсырма. Оқып шығып, осы шақ мәніндегі етістіктерді
тауып, сыз.
Бір күні Алмабек жолдастарымен бірге өзенге шо-
мылуға келді. Олар шешініп те үлгермеп еді. Ауа райы
күрт бұзылып, аспанды сірескен қара бұлт басып кетті.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Азынап жел тұрды. Балалар сасқалақтап үйлеріне қа-
рай жөнелісті. Алмабек үйіне келді. Дереу күрек алып,
ағаштардың түбін қопсытты. Арықтан су әкеп құйды.
Құрт түспес үшін ағаштың түп жағын әкпен ақтап қойды.
Күзге салым кәдімгідей жапырақтары жайқалып жетіліп
қалды. Бұл үшін өзен бойындағы ну орман Алмабекке
ризашылық білдіріп, ол келгенде саясын тосып, шаттана
сыбдырласып тұратын болды.
(Б. Соқпақбаев)
101
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.