Page 5 - 7.1.3
P. 5

special-edu.kz.
 special-edu.kz.










                                           special-edu.kz.
 special-edu.kz.                       КІРІСПЕ

             Бұл  оқу-әдістемелік  кешен  –  Типтік  оқу  жоспары  мен
           мазмұны  жаңартылған  оқу  бағдарламасына  сәйкес  зер-
           де бұзылыстары бар балаларға арналған және олардың
           даму ерекшеліктерін ескере отырып қазақ тілін оқыту үшін
           әзірленген  құрал.  Ол  оқулық,  жұмыс  дәптері  және  осы
           әдістемелік құралдан тұрады.
             Оқу-әдістемелік кешенді оқытуды ұйымдастыру кезінде
           жеңіл  ақыл-ой  кемістігі  бар  оқушылардың  кез  келген
           жағдайларда:  арнайы  мектепте,  жалпы  білім  беретін
           мектептің арнайы сыныбында, инклюзивті білім беру сы-
           ныптарында пайдаланылуы тиіс.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             Қазақ тілі зерде бұзылыстары бар балаларға арналған
           мектепте  барынша  қарапайым  тұрғыда  жүргізіледі.  Бұл
           мектепте қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты – оқушыларды
           оқуға, жазуға және тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызме-
           тінің түрлерін (тыңдау, оқу, сөйлеу, жазу) меңгеруге үйрету,
           ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе алуға тәр-
           биелеу.
             Бұл  мақсатты  орындау  үшін  мынадай  міндеттер
           қойылады:
             •   оқушылардың ұғымына сай мәтіндерді дұрыс оқып,
                мағынасын түсінуге үйрету;
             •   ауызекі  және  жазба  тілде  қарым-қатынас  жасауға
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
                қажетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, өз ойын
                жүйелі түрде дұрыс жеткізе білуге үйрету;
             •   айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым дағдыларын
                дамыту;


                                                                           3
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10