Page 9 - 7.1.3
P. 9

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

              ОҚУЛЫҚ ПЕН ЖҰМЫС ДӘПТЕРІН ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ
                            ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

             Оқулық және жұмыс дәптерінде жеңіл ақыл-ой кемістігі
           бар  оқушылар  үшін  қазақ  тілі    пәні  бойынша  үлгілік  оқу
           бағдарламасының  мазмұнына  сәйкес  келетін  оқу  мате-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           риалдары берілген.
             Оқулық пен жұмыс дәптеріндегі оқу материалы ақыл-ойы
           кем балаларға қазақ тілін оқытудың арнайы әдістемесіне
           сәйкес орналасқан.
             Оқу құралы мұғалімге оқулық тапсырмаларын дәйекті-
           лікпен ұсынуға және білім беру бағдарларына бағыттауға
           арналған  кестемен  аяқталады.  Әр  тақырып  бойынша
           оқушының қызметін сипаттау арқылы тұжырымдалған күті-
           летін нәтижелер қалыптастырылады. Оқу үдерісінде бағ-
           дарлама  бойынша  өтілетін  әртүрлі  тақырыптар  қарас-
           тырылады.
             Оқушылардың енжар сөздік қоры жаңа сөздермен және
           терминдермен  толықтырылады.  Содан  кейін  оқушылар-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           ды белсенді сөйлеуде жаңа түсініктерді қолдануға ынта-
           ландыру қажет.
             Оқулық пен жұмыс дәптеріндегі әрбір тапсырма бойынша
           мұғалімге  кеңес  беріледі.  Тапсырманы  анық  және  баяу
           айтыңыз. Сұрақты бірден қайталауға тырыспаңыз, балалар
           естігендерін ойланып түсінетін болсын. Қажетсіз басқа нәр-
           сені айтатын болсаңыз, оқушылар алаңдап, түсінбей қалады.
             Жасыл дөңгелек күрделіліктің бірінші (төмен) деңгейін
           білдіреді.  Бұл  тапсырмаларда  оқушы  нысанның  суретін
           немесе мұғалім сипаттап көрсеткен сюжеттік бейнені оқып,
           көрсетуі керек. Сары дөңгелек оқыту міндетінің күрделілігінің
           екінші (орташа) деңгейін көрсетеді, ол қазақ тілін түсінуді
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           және терминологиясын өз сөзінде қолдануды, оны мұғалімге
           қайталауды қамтиды. Қызыл дөңгелек күрделіліктің үшінші
           (жоғарғы) деңгейін көрсетеді. Онда суреттерде көрсетілген
           бейнелерге өз бетімен сипаттама беріп, ережеге сай тапсыр-


                                                                           7
   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14