Page 14 - 7.1.3
P. 14
special-edu.kz.
special-edu.kz.
• суреттер арқылы тілін дамытып, сөзді дәптерге жаз-
дыру;
• талдаудың ізімен анализ жасап, оқытып жаздыру.
Осылай талдаудың арқасында оқушылар қателіктерін
жояды, фонематикалық есту, көру қабілеттері дамиды, сөз-
дік қоры артады.
special-edu.kz. special-edu.kz.
ІV топтағы оқушылар көмекші мектепте қолданылатын оқу
материалдарының өзін ең төменгі дәрежеде қабылдайды.
Оларға жалпы оқу үдерісіндегі түсіндірулер жеткіліксіз.
Оларға тапсырма беруде, жаңа сабақты меңгертуде
көптеген тәжірибелер мен жаңа әдістемелік тәсілдерді
қолдануды, оқытушы тарапынан нақты бақылауды қажет
етеді. Ол үшін олармен жеке сауат ашу кезеңінде қойылатын
талаптармен жұмыс жүргізіледі:
• әріптерді, оларды бір-бірімен тіркестіріп, буындарды,
тәсілдерді дұрыс меңгерту;
• осы оқушыларды буындап оқуға жеткізу.
Бұл кезең дыбыстық талдау, жинақтау тәсілімен жүргізі-
special-edu.kz. special-edu.kz.
леді. Оқушылар сөйлемді сөзге, сөзді буынға бөлуді үйренеді.
Ал фонематикалық есту қабілеті мен тілдік кемістіктерін түзе-
ту үшін артикуляциялық жаттығулар жасалуы қажет. Олар
қимыл-әрекеттерін дамыту үшін сабақ барысында түрлі дидак-
тикалық ойындарға мән бергені жөн.
Білім беру жүйесіндегі қазіргі талап – сабақты ұйым-
дастырудың тиімді жолдарының бірі – оқытудың жаңа
технологияларын орынды қолдану болып табылады. Жаңа
технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіп-
тік, адамгершілік, рухани, азаматтық т.б. қабілеттерінің
қалыптасуына игі әсерін тигізеді.
special-edu.kz. special-edu.kz.
12