Page 13 - 7.1.3
P. 13
special-edu.kz.
special-edu.kz.
ауызша – логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға қажет
көрнекіліктерді мол пайдаланғанды қажет етеді. Себебі,
олардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеті тек қана
көру, есту дағдысына байланысты дамиды, сол арқылы
дамып отырады. Ең бірінші – оқушыға айтылатын нәрсенің
ең қарапайым түрімен таныстыру. Оқушыға осы қарапайым
special-edu.kz. special-edu.kz.
дағдыны меңгертудің өзі көп жұмысты қажет етеді.
Жалпы оқу үстінде жаңа материалды бірден түсіне
алмайды, оларға қайта-қайта қосымша түсіндіруді қажет
етеді. Өздігінен жұмыс істеу қабілеті жоқ. Екінші топтағы
балаларға қарағанда сабақты ұғыну үдерісі өте төмен. Мұн-
дай оқушылардың білу дағдыларын қалыптастыру үшін
үнемі ұйымдастырып, сұрақтар қою арқылы сүйемелдеп оты-
ру керек. Ол үшін мынадай басты мақсаттарды іске асыру
қажет:
• балалардың білімін, ептілігін, дағдыларын байқаумен
тексеру (оқу, жазу сабақтарында);
• балаларды оқуға қызықтыру;
special-edu.kz. special-edu.kz.
• балалардың жалпы және тілдік дамуындағы ерекше-
ліктерін айқындау;
• есту, көру дағдыларын дамыту;
• қолдың бұлшық еттерін шынықтыруға қатысты жұмыс-
тар жүргізу;
• фонематикалық есту қабілеттерін дамыту т.б.
Бұл топтағы оқушылар қазақ тілін оқып үйренуде мынадай
қателіктер жібереді:
• сөздерді жазғанда көп қателер болады;
• әріптерді тастап кетеді;
• әріптің үстіне әріп жазылады;
special-edu.kz. special-edu.kz.
• әріптерді қосып жазбайды, жолдан шығып кетеді.
Осыны болдырмау әдісі:
• буынды, сөзді, сөйлемді жазғанда, кеспе әріптермен
жұмыс болу керек;
11