Page 7 - 7.3.1
P. 7
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Ауыз әдебиеті – талай ғасырлар жемісі. Ертеректе special-edu.kz.
жазу өнері болмағандықтан, халық өмірі, тұрмыс-сал-
ты, туған жері әңгімелермен айтылған. Ауыз әдебиетінің
сөздерін шығарушылардың аты-жөндері белгісіз болған.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Сондықтан мұндай шығармаларды «Халық ауыз әдебие-
ті» деп атаймыз.
Олар ауызша шығарылған. Халық жыраулары, жыр-
шылары, ертегішілері асыл қазынамызды ауызша айту-
мен ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып отырды.
Оны бүкіл ел болып үйреніп, түгелімен есінде сақтаған.
Кейінгілерге көркемдеп, әсерлі етіп айтып беріп отырған.
Ауыз әдебиеті осылай пайда болған.
Ата-бабамыз табиғат жұмбақтарын шешсем, игілігіме
жаратсам, бағындырсам деген арманын өзінің ауыз әде-
биетімен бейнелеген.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Біз бұл тарауда ауыз әдебиетінің мынандай бірнеше
түрлеріне тоқталамыз: шешендік сөздер, аңыз әңгімелер,
тұрмыс-салт жырларының ішінен төрт түлік мал туралы
жырлар.
Халық ауыз әдебиетінің шығармаларында өмірде-
гі қайшылықтар туралы ойлар айтылады. Байлар мен
кедей-кепшіктер арасындағы күрес пен тартыс та кең
қамтылған. Халық ауыз әдебиетінде қарапайым адамдар-
дың алып күші, ақылы, ерен еңбегі мадақталған.
жырау – өзі жыр шығарып орындайтын адам
жыршы – жыр айтушы, таратушы
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
игілігіме жаратсам – пайдама жаратсам
1. «Халық ауыз әдебиеті» дегеніміз не?
2. Ауыз әдебиеті шығармаларының авторы бола ма?
3. Халық ауыз әдебиеті шығармаларында не туралы айтылады?
4. Ол қалай пайда болды?
5. Ауыз әдебиетінің түрлерін ата?
6. Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен айырмашылығы неде деп
ойлайсың? Нақты мысалмен дәлелде.
5
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.