Page 12 - 7.3.1
P. 12

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                              Қамбарата                                          special-edu.kz.

                 Қазақтың  қасиетті  малының  бірі  –  жылқы.  Жылқы
             атасы – Қамбарата. Қамбаратадан халық жылқының кө-
             бейгенін, мықты, өнімді болуын тілеп отырған. Жылқы
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             жүйрік,  өте  төзімді  мал.  Оны  күш,  көлік  ретінде  пай-
             даланған.  Қамбаратаның  есімімен  жылқыны  күту,  бағу
             және баптау ырымдары байланысты.


                                                Жылқы

                Қоғалы көлді жайлаған,                   Қашқанға жетпей қоймаған.
                Қоғаның басын шайнаған.                  «Ер қанаты өзің» деп,
                Құраулап оны жылқышы                     Ел қуанып айдаған –
                Қыл арқанмен байлаған.                   Жылқы деген жануар!
                Қуғандарға жеткізбей,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.

                     қоға – көлде өсетін қамыстың басы
                     қыл арқан – он екі, он бес құлаштай асау атты
                    ұстауға арналған мықты жіп


                                             Ойсылқара

                 Төрт түлік малдың ең қасиеттісі – түйе. Түйенің пірі –
             Ойсылқара. Ол шын мәнінде өмірде болған адам деседі.
             Ойсылқара  өмірін  елдің  түйелерін  бағумен  өткізген.
             Өзінің кәсіпке адал, еңбекқор, қанағатшыл қасиеттерімен
             үлгі болған.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 Қазақ  халқы  түйені  «дала  кемесі»  деген.  Себебі,
             көшіп-қону кезінде оған жүк артқан. Ойсылқарадан түйе-

             ге пана болып, өсіп-көбейгенін тілеген.


                 Шаруаның бір пірі – Ойсылқара,
                 Түйені өсір жарылқап, болып пана!
                 Ит, құс, пәле, індеттен аман сақтап,
                 Топ-топ қылып боталат, аруана!..


             10
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17