Page 8 - 7.3.1
P. 8
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Тұрмыс-салт жырлары special-edu.kz.
(Төрт түлік туралы)
Қазақ халқының ауыз әдебиетінде тұрмыс-салтқа,
әдет-ғұрыпқа, салт-дәстүрге байланысты туған шығарма-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
лар тұрмыс-салт жырлары деп аталған. Тұрмыс-салт жыр-
лары мазмұны жағынан бірнеше түрге бөлінген. Олардың
негізгілері: тұрмыс-салт жырларының ең кең тараған
түрі – төрт түлік малға байланысты туған өлең-жырлар.
Ерте кезде адамдарда «әр түліктің иесі бар» деген түсінік
болған. Оларға ат қойған. Әрқайсысының жаратушы иесі
бар деп түсініп, жалбарынған. Мысалы, қой атасы – Шо-
паната, сиыр атасы – Зеңгібаба, жылқы атасы – Қамба-
рата, түйе атасы – Ойсылқара, ешкі атасы – Шекшеката.
Шопанатадан «Тегене құйрық қошқар бер, малды
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
берсең, қойды бер», Қамбаратадан «Айғыр берсең үйі-
рі толған байталды, өңкей мама бие бер», Зеңгібабадан
«Сиыр берсең, өңкей сүттісін бер», Ойсылқарадан «Маң-
маң басқан, маң басқан, шудаларын шаң басқан, жүнді,
сүтті, күшті түйе бер» деп жалбарынады.
жалбарынады – жалынады
жаратушы иесі – әр түліктің қамқоршысы,
қорғаушысы
айғыр, байтал – жылқының атаулары
шуда – түйе жүні
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
1. «Тұрмыс-салт жыры» дегеніміз не?
2. Қандай түрлерін білесің?
3. Тұрмыс-салт жырларының ең бай, кең тараған түрін ата.
4. Шопанатаға халық қалай сиынған?
5. Қамбаратаға ше?
6. Зеңгібабаға арналған сөздерді оқы.
7. Ойсылқараға қалай жалбарынды?
6
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.