Page 9 - 7.3.1
P. 9

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                 Малдың баласын сүюі                                             special-edu.kz.

            Қой сүйеді баласын: «Қоңырым, – деп, –
            Ештеңені білмейтін момыным», – деп.
            Сиыр сүйеді баласын: «Торпағым! – деп, –
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            Қараңғыға баспаған қорқағым», – деп.
            Түйе сүйеді баласын: «Боташым! – деп, –
            Жәудіреген көзіңнен, тоташым», – деп.
            Ешкі сүйеді баласын: «Лағым! – деп, –
            Тастан-тасқа секірген, шұнағым», – деп.
            Жылқы сүйеді баласын: «Құлыным! – деп, –
            Тұлпар болып жүгірер жұлыным», – деп.



                   1. Өлеңді дауыстап оқы. Жырға сүйеніп мал төлдерінің
                қылықтарын, сипаттарын ашып көрсет.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            2. Өлеңде не туралы жырланады?
            3. Малдар қай мезгілде төлдейді? Олардың төлдерін не деп атай-
            ды?
            4. Оларды күтіп-бағу жолдарын ата.
            5. Мал төлдерін қалай шақырады?
                1. Өлеңді кезекпен оқы. Аудиотаспаны тыңда. Төлдердің да-
            уыстарын ажыратып айт.
            2. Төрт түлік мал төлдерін қалай еркелетеді?
            3. «Тұлпар болып жүгірер жұлыным» деген жыр жолын қалай
            түсінесің?

                 1.  Мәтіннен  еркелету  мәніндегі  сөздерді  мұғалімнің  көме-
            гімен тап. Осы сөздерді дәптеріңе теріп жаз.
 special-edu.kz.                 Жылқы     special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            2. Өздеріңнің аналарың, әжелерің сендерді қандай сөздер айтып
            жақсы көреді?

            Есіңде сақта!
                                   Малдың төлдері

                                                                        Қой
                                                    Сиыр
                 Түйе


                                         Шопаната
                  Бота            Құлын             Бұзау              Қозы


                                                                                      7
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14