Page 85 - 7.5.1
P. 85

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                             рағайдың қабығы ашық қоңыр                          special-edu.kz.
                                             түсті. Ол шайырмен жабылған.
                                             Егер қарағай орман ішінде өссе,
                                             ол түзу және сымбатты көрінеді,
                                             жарықтың  жетіспеуінен  діңі
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                                             жанама  бұтақтардан  тазарып,
                                             олар тек ағаштың ұшар басында
                                             ғана сақталады. Жалғыз өскен
                                             қарағай аласа және бұтақты бо-
                                             лады.
                                                 Қарағайды пайдалану.
                                                 Қарағай  –  бағалы  құрылыс
                                             материалы. Оның ағашынан үй
                                             салады, кеме, вагон, жиһаз жа-
               84-сурет. Қарағай             сайды.  Қарағайдың  сүрегінен
                                             жасанды  жібек  алады.  Шайы-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        рынан скипидар, канифоль, дәрі алады. Қылқанжапырақты
        ағаштар ауру тудыратын бактерияларды өлтіретін ерекше
        хош  иіс  шығарады.  Қарағай  орманының  ауасы  шипалы.
        Сондықтан да көптеген шипажайлар және демалыс үйлері
        қарағай орманында орналасқан.


              Қарағай – бұл ашық тұқымды ағаш. Діңі тік, сары түсті.
          Қылқандары ұзын, қатты, жұптасып орналасқан. Қарағайдың
          бүрлері домалақ пішінді. Қарағай орманы жарық және құрғақ.
          Қарағайдың гүлі мен жемісі болмайды, бірақ қанатты тұқымы
          бар. Қарағай тұқым арқылы көбейеді.

                 Ашықтұқымдылар. Қарағай. Бүр. Қылқан. Қарағай орманы.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 1. Қылқанды ағаштарды неге «ашықтұқымдылар» деп ата-
                 лады?
                 2. Қылқанжапырақты ағаштардың жапырақты ағаштардан
                 айырмашылығы қандай?
                 3. Қарағай қайда өседі?
                 4. 85-суретті қара. Қарағай бөліктерін ата.
                 5. Қарағай қалай көбейеді?
                 6. Адамдар қарағайды қалай пайдаланады?
                 7. Қарағайлы орманның пайдасы қандай?
                 Жұмыс дәптеріндегі № 98, 99-тапсырмаларды орында.
                                                                                    83
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   80   81   82   83   84   85   86   87   88   89   90