Page 5 - 7.9.3
P. 5
special-edu.kz.
special-edu.kz.
special-edu.kz.
special-edu.kz. КІРІСПЕ
Тіл мәртебесінің ішіндегі ең маңыздысы – мемлекеттік
тіл. Мемлекеттік тіл – елдің барлық аумағында және түрлі
өмір салаларында қолданылуы баршаға міндетті болып
табылатын, ресми жағдайы мемлекеттік дәрежеде белгілен-
ген, белгілі бір мемлекеттің әлеуметтік-коммуникативтік
жүйесінің негізгі компоненті. Тәуелсіз Қазақ елінің мемлекеттік
тілі – қазақ тілі. Еліміздің кез келген азаматы өз елі мен же-
рінің тарихы, мәдениеті, мемлекеттік тілді толық білуі,
меңгеруі қажет деп танылады. Әрбір жеке тұлға –
елдің бүгіні және ертеңі. Елдік психология, елдік қа-
special-edu.kz. special-edu.kz.
сиет, елдікті құрметтеу – мемлекет тілін білумен шектес ке-
летін қасиетті ұғымдар. Сондықтан мемлекеттік тілді оқыта
отырып, оқушылардың бойына елдік сана сіңіріліп, мемле-
кеттік рәміз, ұлттық діл, ұлттық болмыс туралы ақпараттар
қоса беріледі.
Оқу-әдістемелік кешен жеңіл ақыл-ой кемістігі бар орыс
тілінде оқитын оқушыларды қазақ тіліне оқытудың Типтік
оқу жоспары мен жаңартылған мазмұндағы бағдарламаға
сәйкес, сондай-ақ осы қарастырылып отырған санаттағы
оқушылардың танымдық әрекетінің ерекшеліктерін ескере
отырып құрылған. Ол оқулық, оқушыға арналған жұмыс
дәптерін және осы әдістемелік құралды қамтиды. Оқу-
әдістемелік кешенді жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды
special-edu.kz. special-edu.kz.
кез келген жағдайда: жалпы білім беру мектебінің
арнайы сыныбында, сондай-ақ инклюзивтік білім беру
жағдайындағы әдеттегі сыныптарда да оқытуды ұйымдас-
тыруда пайдалануға болады.
3