Page 6 - 7.9.3
P. 6
special-edu.kz.
special-edu.kz.
«Қазақ тілі» пәнін оқыту орыс тілінде жүретін арнайы мек-
тептерде оқытудың мақсаты – қарапайым түрде күнделікті тұр-
мыс пен оқуға қатысты тақырыптар мөлшерінде оқушылар-
дың ауызекі сөйлесу, түсінісу, өз ойын қазақ тілінде жеткізе
білу дағдыларын дамыту және әлеуметтік ортада қарым-
қатынас жасауға қажетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
special-edu.kz. special-edu.kz.
«Қазақ тілі» пәнін оқытудың міндеттері:
1) тәрбиелеу және оқушылардың ұлтаралық достық,
патриоттық, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін
қалыптастыру әрі дамыту. Негізгі ұғымдар мен құбылыстарды
таныстыра отырып, оқушылардың жалпы ой-өрісі, танымдық
қабілеттері (зейінін, есте сақтауын), сөйлеу белсенділігін
дамыту;
2) қазақ тілі фонетикасын игеру саласындағы міндеттер.
Қазақ тіліндегі дыбыстарды жеке, сөзде, буында, сөйлемде
дұрыс айтуға дағдыландыру. Қазақ тіліне тән үндестік заңын
практикалық түрде игеруге; буын түрін ажырату және дұрыс
special-edu.kz. special-edu.kz.
тасымалдауға үйрету;
3) сөздік қорын дамыту саласындағы міндеттер. Тақырып-
тар бойынша қазақша сөздік қорын заттың аты әрі сыны,
қимылын білдіретін сөздермен толықтыру және молайту.
Жаңа сөздердің мағынасын түсіну, мағынасы бойынша топ-
тастыру. Сөздік қорын молайтуда аударма және түсіндірме
сөздіктерді пайдалана білуге үйрету;
4) қазақ тілі грамматикасын игеру саласындағы міндет-
тер. Зат есім қосымшаларының, септік жалғаулардың
мағынасын түсіну: түбір + «қосу» қосымша үлгілерін прак-
тикалық түрде меңгеру. Жалқы есімдер мен жалпы есім-
дерді ажырату және жағдайға сәйкес қолдана білу. Сөз
special-edu.kz. special-edu.kz.
таптарын ажыратуға, етістікті шаққа және жағына қарай
өзгерте білуге, мағынасын түсініп қолдана білуге үйрету.
Сөз жасау және сөйлем құрау, мағынасын кеңейту дағды-
ларын қалыптастыру. Сабақта өтілген сөздерді, сөйлемді
4