Page 11 - 7.9.3
P. 11

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

             ОҚУ ОРЫС ТІЛІНДЕ ЖҮРЕТІН АРНАЙЫ МЕКТЕПТІҢ
                 7-СЫНЫБЫНДАҒЫ ЗЕРДЕ БҰЗЫЛЫСТАРЫ
                  БАР ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ОҚЫТУ
                       ТӘСІЛДЕМЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

             Қазақ тілін белгілі бір деңгейде меңгеру үдерісін тиімді
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           түрде  жеңілдету  үшін  диалог,  диалог-нақтылау,  сұрақ-
           жауап тәрізді әдістер пайдаланылуда. Мәтін мен диалогтің
           арасалмағы да өзгереді. Егер дәстүрлі әдістемеде мәтінге
           көбірек орын беріліп, диалог мәтін материалдарын қайталау,
           нақтылау  үшін  пайдаланып  келген  болса,  заманауи
           әдістемеде диалог ақпаратты оқытудың сөйлеуге, сөйлесуге
           дағдыландырудың негізі ретінде игеріледі.
             Қазақ тілін оқыту әдістемесі оқыту жолдары мен жағдай-
           лары туралы заңдылықтарды зерттейді. Бұл заңдылықтар
           педагогика, психология және лингвистика ғылымдарының
           негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен бұрыннан
           қалыптасқан теориялық қағидалары және тұжырымдарына
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           негізделеді. Егер нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына
           мәселелерді зерттейді: 1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?);
           2) мазмұны (нені оқыту керек?); 3) ұйымдастырылуы (қалай
           оқыту керек?); 4) құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?);
           5)  оқыту  кезінде  оқушылардың  білімді  меңгеру  деңгейі,
           ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық
           мәселелері.
             Арнайы білім беру мектептерінде оқушының сөйлеу iс-
           керлiктерiн дамытатын жұмыстарға басымдылық беріледі.
           Бұл, әлбетте, түрлi мәтiндермен кешендi жұмыс арқылы ғана
           мүмкiн болады. Мәтiн тiлдiң көркем сөзде, яғни сөз өнерiнде
           атқаратын қызметiн жан-жақты танытуға жетелейдi. Мәтiн
           арқылы оқыту оқушының сөйлеудi ұлттық мәдениеттiң компо-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           нентi ретiнде меңгеруiнiң маңызды факторы – тiлдiк ортаны
           қалыптастырады. Бұл идея қазiргi бiлiм философиясындағы
           рефлексия бағытымен сабақтасып жатыр. Яғни, оқушының
           өз ортасы арқылы дамуына табиғи жағдай жасалады. Мұнда


                                                                           9
   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16