Page 16 - 7.9.3
P. 16

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

          бұл ойынның мақсаты – оқушыларды үй жануарлары мен үй
          құстарының, жабайы аңдар мен құстардың атын дұрыс айта
          білуге және есте сақтауға үйрету. Ойынға керекті заттар:
          жануарлар  мен  құстардың  суреттері.  Ойынның  шарты:
          Ненің  даусы?  Не  қалай  дыбыстайды?  деген  сұрақтарға
          жауап беруге жаттықтыру. Нелер? Тауықтар, қаздар, қойлар,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          лақтар. Үй жануарлары қалай дыбыстайды? (Үй жануарлары
          қайтеді?) «Қой маңырайды. Сиыр мөңірейді» т.б. «Не қалай
          дыбыстайды?»  деген  сұрақты  оқушыларға  қайта  қойған
          кезде, олар дыбыстап көрсетеді. Бұл ненің дауысы екенін
          хормен айтуға болады.
            Арнайы мектептерде сөздіктермен жұмыс істеудің маңызы
          зор.  Жалпы  қалыптасқан  тәртіп  бойынша  ерекше  білім
          алу қажеттіліктері бар оқушыларға арналған сөздіктердің
          сипаты да өзгешелеу болатындығы белгілі. Көбінесе оларда
          біркелкілік басым және сын есім, көмекші етістіктер, дерексіз
          ұғымдағы, жалпы (жинақтау) мағыналы сөздердің қоры өте
          шағын. Көпмағыналы сөздерді, әсіресе олардағы түсініктің
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          ауысып отыратынын ұғыну балаларға өте қиынға түседі.
          Сөздердің басым бөлігі пассив сөздікте берілген. Ерекше
          білім алу қажеттіліктері бар балалар айналадағы дүниені сол
          қалпында нақты түрінде қабылдайды. Соның салдарынан
          олардың сөйлеу тілінде заттың тура мағынасы басым келеді
          де, оның сөздік ұғымы деген түсінік тіпті болмайды.
            Қазақ тілі сабағындағы қолданылатын тәсілдер: рөлдік
          жағдаяттарды диалог арқылы ұйымдастыру, сөйлемдер ар-
          қылы  өз  ойын  жеткізуге  ынталандыру,  көрнекілікті  пай-
          далану. Күнделікті өмірден алынатын лексикалық тақырып
          ретінде  сәлемдесу,  танысу,  кешірім  сұрау,  қоштасу,
          құттықтау рәсімдерін дүкенде, емханада, мектепте және
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          тағы басқа да жағдаяттарды алуға болады.








          14
   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21