Page 15 - 7.9.3
P. 15

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

           тады. Ал байқамсыздық баланың жалпы дамуындағы негiзгi
           психологиялық компонент болып табылады.
             Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды түзете-дамыта
           оқыту  жүйесi  оқу  материалдарының,  логикалақ  жа-
           ғына бiр iзбен сатылай құрылу тәртiбiн қарастырады. Жеңiл-
           ден ауырға қарай жүйелене орналасуын көздейдi. Мысалы,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           алғашқы сабақтар дыбыс пен әрiптi ажыратудан бастала-
           ды.  Балаларға  дыбысты  танымай,  әрiптi  жазбай  тұрып,
           буын,  сөз  туралы  айтып  та  жаздыра  алмаймыз.  Сол
           сияқты қазақ тiлi пәнiнен қосымшалы сөздi бiлу үшiн, негiзгi
           түбiр және буын үндестігiн бiлу үшiн, алдымен дауысты
           дыбыс және оның жуан, жiңiшке түрлерiн ажыратып алу
           керек.  Демек,  оқу  материалдарының,  логикалық  iшкi
           заңдылықтарын жүйелi оқып үйренген жағдайда ғана оның
           ғылыми негiздерiн шын мағынасында меңгеруге болады.
             Жоғары сыныптағы оқушыларға мәтінмен жұмыс жүргізу
           барысында  мәтін  туралы,  оның  негізгі  ерекшеліктері,
           құрылымы мен байланысу тәсілдері туралы түсіндірген жөн.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           Бұл олардың кез келген мәтінді түсініп, қабылдауында үлкен
           рөл атқарады. Сонымен қатар мәтіндегі таныс емес сөздер
           мен сөз тіркестерін түсіндірудің де маңызы зор. Мұндай
           жұмыс түрі сөздік қорын молайтып, сөздердің бір-бірімен
           байланысын  меңгеруіне  септігін  тигізеді.  Мәтін  арқылы
           оқушының  дүниетанымы  кеңейеді,  түрлі  ақпараттармен
           танысады, ойын жүйелеп айтуға дағдыланады, түптеп кел-
           генде, сөйлеу тілі дамиды.
             Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды мәтін бойынша
           сұрақ-жауап әдісімен жағдаяттық сұхбат құру арқылы қазақша
           сөйлеуге үйретуде ойын элементтерінің үлкен әсері бар.
           Сабақ үстінде оқушы ойын ойнай отырып, тілдік материалды
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           меңгеру мақсатында сөздерді (аудармаларымен) жаттайды.
           Сюжетті суреттер арқылы сөйлемдер құрастыру, сергіту
           ойындары, жаңылтпаш, жұмбақ, алфавиттік жұмбақтар ұйым-
           дастырылады. Мысалы, «Кім жылдам ойнайды?» ойыны.


                                                                          13
   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20