Page 12 - 7.9.3
P. 12

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

          оқушылар бiр мәтiндi талдау барысында өзара ой бөлiсуге,
          пiкiр таластыруға, ортақ ой қорытындыларын жасауға үйре-
          недi. Мәтiн арқылы сөйлеу әрекетi компоненттерiн толық
          әрi бiр-бiрiмен тығыз сабақтастықта жүргiзуге жол ашылады.
          Сөйлеу әрекетiнiң оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым,
          тiлдесiм секiлдi бөлiктерi қатар жүргiзiлетiн жұмыстар оқу-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          шының ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениеттерiн же-
          тiлдiрудiң  қайнар  көзi  болып  саналады.  Бұл  тiлдi  оқыту
          сапасының айқын көрсеткiшi деп есептеледi.
            Мәтiнмен жұмыс оқушының субъект ретiнде өзiн әр қы-
          рынан танытуына мүмкiндiк тудырады. Мәтiн мазмұнына
          сәйкес түрлi тiлдiк жағдаяттар тудыруға, оқушының логика-
          лық ойлауын мақсатты түрде дамытуға, олардың сөйлеу
          белсендiлiгiн арттыруға да қатысты тапсырмаларды түрлен-
          дiруге болады.
            Мәтiнмен жұмыс – тiлдiң барлық пәндермен байланысуын
          қамтамасыз етудiң кепiлi. Мұнда тiлдiң дүниетаным құралы
          екенiн танытуға қажеттi мүмкiндiктер мол.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
            Дәстүрлі оқытудың басты мақсаты – білім беру, оқушының
          іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру болса, түзете-дамыта
          оқытуда  білімді  де,  тәрбиені  де  жеке  тұлғаға  бағыттай
          отырып, оны жан-жақты дамытуды мақсат етеді, оқушыны
          субъект ретінде қарастырады. Түзете-дамыта оқыту жүйесі
          шығармашылық ойлауға, сапалы дамуға, қиялдауға, есте
          сақтауға, тіл дамытуға бағытталған.
            Түзете-дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім
          мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл
          жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес,
          танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің
          ұйытқысы.  Әсіресе  тілді  жүйелі  де  сапалы  меңгертуде
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          мектеп мұғалімінің рөлі орасан.
            Түзете-дамыта  оқытуда  да  мұғаліммен  оқушының  іс-
          әрекеті бірлікте, бір бағыт және бір мақсатқа бағытталады.
          Түзете- дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар өзекті,


          10
   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17