Page 8 - 7.9.3
P. 8

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

             ОҚУЛЫҚ ПЕН ЖҰМЫС ДӘПТЕРІН ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ
                         ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

            Оқулық пен жұмыс дәптерінде берілген оқу материалы
          жеңіл  ақыл-ой  кемістігі  бар  оқушыларға  арналған  қазақ
          тілі  пәні  бойынша  жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік  оқу
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          бағдарламасының мазмұнына сәйкес.
            Оқулық пен жұмыс дәптерінде берілген оқу материалы
          жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды қазақ тіліне оқы-
          тудың  арнайы  әдістемесіне  сәйкес  қисынды  тәртіпте
          орналасқан.
            Мұғалімнің  әрбір  сабаққа  дайындығы  күрделі  де  жа-
          уапты жұмыс. Оқу материалының мазмұнын оқушыларға
          тиімді жеткізуді ойластыру дайындықтың алғашқы бөлігі
          болып табылады. Мұғалім бағдарламаның өткен, алдағы
          және одан кейінгі сабақтарға қатысты бөлігін, олардың ара-
          сындағы байланыс пен дәйектілікті орнату үшін талдау керек.
          Осы сабақта алдына қойып отырған нақты педагогикалық
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          міндеттер мен мақсаттарды жақсылап ойластыру – сабаққа
          дайындықтың өте маңызды бөлігі болып табылады. Содан
          кейін  оқулықтағы  материалдың  оқушыларға  түсінікті  бо-
          луы, мысалдардың тақырыпқа сай болуы, тақырыптардың
          жүйелілігін мұқият оқып-үйрену қажет. Сұрақтар мен тапсыр-
          малардың оқушыларға түсініктілігі, олардың орындалу жүйе-
          лілігі мен маңызын талдау қажет.
            Сабаққа дайындық негізгі оқулықпен танысып қоюмен
          шектелмеуі  тиіс.  Мұғалімнің  оқулықтағы  материалды
          жан-жақты білуі, кеңінен және тереңінен түсінуі міндетті.
          Бұл  оған  сабақты  басқаруға,  материалды  шеберлікпен
          әрі  шығармашылықпен  түсіндіруге,  оқушылардың
          танымдық  қабілеті  мен  қызығушылықтарын  тудыруға,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          белсенділігін  арттыруға  мүмкіндік  береді.  Ал  бұл  өз
          кезегінде сабақта қолданылған әдістемелердің нәтижелілігі
          туралы  тұжырымдауға  мүмкіндік  береді.  Мұғалімнің
          шеберлігі, біріншіден, сабаққа дайындығы мен жаңашыл


          6
   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13