Page 7 - 7.9.3
P. 7

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

           қарапайым  орфографиялық,  пунктуациялық  ережелерді
           сақтай отырып оқу, жаза білу;
             5)  байланыстырып  сөйлеу  тілін  дамыту  саласындағы
           міндеттер. Диалогтік және монологтік сөйлеу дағдыларын
           қалыптастыру.  Берілген  сұраққа  жауап  бере  білу,  сұрақ
           қоя білу, бірнеше сөйлемдерден шағын мәтін құрастыру,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           қарапайым  тақырып  бойынша  өз  ойын  жеткізе  білуге
           үйрету. Қазақ тіліндегі жарнама, ісқағаздары, мәтіндерді
           оқып,  түсінуге  машықтандыру.  Қазақ  тілінің  сөйлеу
           этикетіне байланысты сөйлеу мәдениетін меңгеру.
             Қорытындылай келгенде, қазақ тілін оқытудың негізгі мақ-
           саты – тілді шынайы да толыққанды қарым-қатынас құралы
           ретінде үйрету. Әрбір қазақ тілі сабағы мәдениетаралық
           қарым-қатынас тәжірибесі, себебі әрбір сөз қазақ елінің өмірі
           мен мәдениеті, қоғамдық ой-пікірі, өзіндік ерекшеліктерін
           көрсетеді. Демек, оқыту орыс тілінде жүретін арнайы мектеп-
           тердегі оқушыларға қазақ тілін үйрету, олардың қазақ тілін
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           оқып, жазу және мұғалім мен оқулықтан алған білімдері
           қазақ еліне қазақ халқының көзімен қарау қабілетін дамытуға
           негіз болып табылады. Ол қазақ тілін үйрету сабақтарында
           елтанымдық мәліметтерді енгізе отырып жүргізгенде жүзеге
           асады.
             Әдістемелік нұсқаулықта мұғалімдерге қазақ тілі пәніне
           арналған күнтізбелік оқу жоспары, технологиялық карта,
           үлгілік бақылау картасы, оқушының оқу жетістіктері мен
           сабақ үлгісі берілген.
             Әдістемелік  құрал  мұғалімге  қазақ  тілі  бойынша  оқу
           үдерісін  жоспарлауға,  сондай-ақ  әрбір  оқушыға  қол-
           данылатын сараланған тәсілді ойлау және жүзеге асыру
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           үшін  негіз  болатын  оқушылардың  жетістіктерін  ағымды
           бақылауды ұйымдастыруға арналған ұсынымдар берілген.






                                                                           5
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12