Page 9 - 7.9.3
P. 9
special-edu.kz.
special-edu.kz.
әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуымен тікелей
байланысты. Ол үнемі және мақсатты түрде өз білімін
және өз тәжірибесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен толық-
тырып отыруға міндетті.
Әр мұғалім жаңа сабақты жоспарлағанда, тек сол тақы-
рыппен және берілген материалмен ғана шектелмей,
special-edu.kz. special-edu.kz.
оқушының қабылдау, түсіну қабілетін қалай дамытсам,
оқушыға не берем деген мақсат ұстанса, сондай-ақ қазіргі
оқытудың жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерін қолдана білсе
ғана оқушыларға да сапалы білім мен тәрбие бере алады.
Түзете дамыта оқытудың негiзгi түрлерiнiң бiрi – оқушының
әрекетін баланың күнделікті өмірінен алынған мәселелік
жағдаятты шешуге бағыттаған дұрыс. Бiрнеше нақты заттар-
ды алып, олардың түр-түсi, көлемi, сапасы және әртүрлi
сындық ерекшелiктерiн анықтатып, оны оқушының өзi қазақ
тілінде қорытындылай білуге жетелеу керек. Түзете дамыта
оқытуда көрнекiлiк қағидасы жаңа материалды меңгертуде
үлкен орын алады. Сабақта оқытылатын заттарды көзбен
special-edu.kz. special-edu.kz.
көрiп, қолмен ұстау, иiсiн сезiну немесе олардың бейнесiн
көрiп бақылау тиімді тәсілдердің бірі болып табылады. Қазақ
тiлi сабағында көрнекi құралдар көбінесе кесте және жеке
дидактикалық материалдар түрiнде де берiледi.
Оқулық пен жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар күрделілік
деңгейі бойынша бірдей емес. Түрлі түсті дөңгелектер
тапсырманың күрделілік деңгейінің шартты белгілері ретінде
пайдаланылған.
Жасыл дөңгелек күрделіліктің бірінші (төменгі) деңгейін
білдіреді.
Сары дөңгелек оқу тапсырмасының күрделілігінің екінші
деңгейін білдіреді.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Қызыл дөңгелек оқу тапсырмасының күрделілігінің үшінші
деңгейін білдіреді.
Мұғалім оқушыға арналған тапсырманың күрделілігін ба-
ланың әртүрлі әрекеттердегі жетістіктерін бақылау негізінде
7